Главная Новости Биікке ұмтылған байланысшы ару
05 наурыз 2022, 11:00 1624

Биікке ұмтылған байланысшы ару

Биікке ұмтылған байланысшы ару

«Кәсіпте гендерлік теңсіздік болмайды» десек те, ерлер мен әйелдердің әрқайсына тән мамандықтар бар. Айталық, шахтер дегенде бұлшық еттері ойнаған ер азаматтар ойға келеді де, тігіншілікті айтқанда нәзік қыздарды еске аламыз. Дегенмен, бұл түсінікті бұзатын жандар да аз кездеспейді. Олардың бірі, біздің бүгінгі кейіпкеріміз – «Қазақтелеком» компаниясының қызметкері Жанар Аблаева. Ол – тәжірибелі электромонтер. Иә-иә, бұл салада бір емес, екі емес, жетінші разрядқа дейін көтерілген. Тек ер әріптестерінен айырмашылығы – Жанар бағанмен емес, қызмет баспалдағымен жоғары өрлеп келеді. Бүгінде ол – инсталлятор қызметін атқарып жүр.

Жанармен әңгіме құрғанда байқағанымыз, ол мектепте оқып жүргенде «болашақта монтер боламын» деп тіпті де ойламаған. Рас, ән айтуға, биге не музыкаға құмартпағаны болмаса, өскенде ерлердің кәсібін қол қыламын деген ой да қылаңдамаған. Тіпті, спортқа бейім боп, баскетболмен шұғылданғанда да...

Ал байланыс саласына алғашқы қадам ол Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін жасалды. Оқу орнының тәртібіне сәйкес, «Жастар практикасы» бойынша студенттер түрлі компанияларға өндірістік тәжірибеден өтуге баратын. Жанар мен өзге де курстастарына «Қазақтелеком» АҚ компаниясының Телекоммуникациялар желілерін дамыту цехінің Ағымдағы дамыту учаскесіне бару бақыты бұйырады.

Ең қызығы, Жанардан өзгесінің бәрі – ер балалар болып шығады. Алғашында солармен бірге электромонтерлерге ілестіріп, байланыс желілерін тарту ісіне жібергенде Жанардың жатырқап қалғаны рас. «Мамандықтан қателеспедім бе?» деген күмән де туған. Алайда уақыт өте келе ортаға үйренісіп кетеді де, жұмысқа жылдам бейімделіп алады. Оның үстіне, монтерлер де Жанардың қыз бала екенін ескеріп, бағанға жуытпайды. Мұның орнына абоненттермен диспетчерлік байланыс орнатып, оларға қызмет көрсету жұмысы жүктеледі. Ал бұл істі онсыз да ашық мінезді Жанар тез-ақ меңгеріп алған.

Қысқа мерзімді өндірістік тәжірибе тез аяқталып қалғанымен, Жанар көп ұзамай «Қазақтелекомға» қайта оралады. Бұл жолы компанияның өзінің шақыруымен. Жоғары білімді маман ретінде.

Кәсіби қызметті Жанар Цифрлық желілерді дамыту учаскесінде бастады. Бұл бөлім Шымкент тұрғындарын интернет желісіне қосумен айналысады.

«Алғашында жұмысты келісімшарт бойынша атқарсам, 2014 жылы штатқа қабылдандым. Бұл кезде мен тәжірибем артып, 5-разрядты электромонтер болған едім. Арада үш жыл өткенде тест сынағынан сүрінбей өтіп, разрядым жетіншіге дейін өсті. Алайда бұл қызметте де көп тұрақтамадым. Электромеханик лауазымына көтерілдім. Осылай қызмет баспалдағында өз еңбегіммен жоғарылап келемін», – дейді Жанар Аблаева.

«Қазақтелеком» компаниясында қайта құрылымдау шаралары өтіп, өңірлердегі бөлімдер орталықтандырылып, Алматыдан басқаруға ауысқан тұста Жанар инсталлятор қызметіне ауысады. Лауазым көтерілген сайын жауапкершілік те артатыны бар. Жанар бүгінде шымкенттік абоненттер мен оларға интернет орнатушылардың байланысына толық жауап береді. Ал әсіресе коронавирус пандемиясынан кейін сапалы интернетке қажеттілік күрт артып кеткелі бері жұмыс та еселене түскен.

«Бүгінде «Қазақтелеком» АҚ Шымкент қаласының шамамен 80 пайызын сапалы интернетпен қамтамасыз етіп отыр. Қалған бөлігінде өзге операторлар қызмет етеді, одан бөлек әлі байланыс жүргізілмеген шалғай елді мекендер бар. Әрине, жол мен байланыс жолға қойылған өңір дами түседі, көкжиегі кеңейеді. Бұл тұрғыдан Шымкент қаласында даму перспективасы өте жоғары», – дейді Жанар Аблаева.

Әрине, қай жұмыстың да оңайы жоқ. Абоненттермен тіл табысу, олардың көңілінен шығатын қызмет көрсетуде біліктілікпен қоса шыдамдылық та керек-ақ. Мұндайда Жанар шаршағанын бассейнде жүзумен басады. Компания кәсіподағы ұсынатын билеттер бассейнге тегін баруға мүмкіндік береді. Одан бөлек, Жанар кітап оқығанды ұнатады. Негізінен таңдауы ғылыми фантастика мен шытырман оқиғалы детектив шығармаларға түседі. Соңғы оқығаны, мәселен – Дэниел Киздің «Цветы для Элджернона» кітабы.

«Бос уақытымды анам Фатиманың қасында өткізгенді қалаймын. Алғаш жұмысқа тұрған күнімнен бастап қолдау көрсеткен, жігерлендірген қамқоршым осы жан анам. Алда 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні мерекесі келе жатыр. Анамды, нәзік жанды әріптестерімді, барша қыз-келіншектерді мерекемен құттықтап, денсаулық пен бақыт тілеймін. Еліміз аман, аспанымыз ашық болсын», – дейді кейіпкеріміз.

Жанардың тілегіне біз де қосыламыз. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: