Главная Новости Билингтік жүйе қолжетімділікті арттырады
11 қазан 2018, 16:07 3713

Билингтік жүйе қолжетімділікті арттырады

Билингтік жүйе қолжетімділікті арттырады

«KEGOC» АҚ-ның 9 аймақтық филиалында Тұтынушылармен есеп айырысудың биллингтік жүйесін тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану (ТӨП) басталды. Бұл туралы баспасөз қызметіне сілтеме жасай egemen.kz хабарлады.

ТӨП кезінде Компания мамандары жүйенің жұмысқа қабілеттілігін және баптауларының техникалық талаптарға сәйкес болуын тексереді. Анықталған барлық ақаулар мен қателіктер жөнделеді және ағымдағы жылдың соңында жүйе тиімді пайдалануға беруге дайын болады.

Биллингтік жүйе «KEGOC» АҚ «Жүйелік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру» трансформация жобасының шеңберінде енгізілмек. 2018 жылдың соңына дейін жобаны іске асырудың барлық кезеңіне саналған күрделі салымдар 138 млн теңгені құрайды деп жоспарланып отыр.

Компания филиалдарындағы ТӨП-пен бірге ҚР электр энергиясының көтерме сауда нарығы (ЭКН) субъектілерін (KEGOC тұтынушылары) Биллингтік жүйедегі клиенттің «Жеке кабинетінде» жұмыс істеуге үйрету бойынша оқыту басталды. Олар қосымшаның қызметімен таныстырылады және Биллингті қосу кезеңінде жүйеде жұмыс істеуге дайын болады.

Астанада өткен ҚР ЭКН субъектілерінің өкілдерімен кездесуде Биллингтік жүйені ендіру бойынша жоба басшысы Жәнібек Қуанышбаев атап өткендей компания клиенттері үшін жүйеде жұмыс істеудің артықшылықтары айқын.

«Есеп жүргізу үшін ағымдағы және тарихи деректердің қолжетімділігі, онлайн режимінде қызметтерге ақы төлеу шоттарын ұсыну және тағы басқалары уақытты үнемдеуге себеп болады. Сонымен қатар электр энергиясын есепке алау құрылғыларынан деректерді жүйеге тікелей жіберу процестерін біріктіру адами факторды жояды, нәтижесінде өзара есеп айырысу рәсімінің тиімділігі мен айқындығын арттырады», - деп түсіндірді ол.

Енгізілетін өзгерістердің ауқымы бойынша «KEGOC» АҚ-дағы Биллингтік жүйені «әмбебеп» деп атауға болады. Жаңа жүйе енгізілгеннен бастап тұтынушылар, яғни энергия нарығының 280 субъектісі «Жеке кабинет» арқылы тұтыну, шарттар туралы жаңа ақпарат, төлем және өтеу туралы, есеп айырысу кезеңі бойынша мәліметтер және тағы басқалары туралы деректерді енгізуге қол жеткізеді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: