Главная Новости Біргеміз - берік іргеміз!
13 апреля 2020, 09:24 1916

Біргеміз - берік іргеміз!

Біргеміз - берік іргеміз!

Елде төтенше жағдай жарияланғаннан кейін дәріханаларда медициналық бетперделер тапшылығы лезде сезілді. Осы олқылықтың орнын толтыру және қызметкерлердің арасында коронавирус таралып кету қаупіне жол бермеу және оның алдын алу мақсатында "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамы өз кызметкерлеріне көп реттік бетперделер тігуге ұсыныс білдірді. Дайын өнімді сатып алуға дайын екендігін хабарлады. Бұл жаңалық қашықтықтан жұмыс істейтін, декреттік демалыстағы және бала күтіміндегі қызметкерлер арасында кеңінен қолдау тапты. Карантин талаптарына орай өз үйлерінде оқшауланған қызметкерлеріміз "Біз біргеміз" акциясына осылай өз үндерін үн қосты, деп хабарлайды SKnews.kz

Гүлсім Жарылғасова, "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасы, қабат қысымын ұстау цехының 2-санаттағы геолог маманы:

"Осынау қиын кезеңде ауызбіршілікте болуымыз өте маңызды. Жұмыста жүріп бас офистен  келген бетперде туралы хабарламаны естідім де, кешке үйге барғасын тігуді бастап кеттім. Талаптыға нұр жауар деген, соның арқасында кеше 200-ден астамын тапсырдым. Маскалар өте сапалы, екі қабатты. Мұны үтіктеп, жуып, қайтадан тағуға болады. Бір рет тағып, лақтырып тастайтын емес, ұзақ пайдалануға болады", –дейді Гүлсім апай.

Мұнайды жоғары көтеру үшін күнделікті жер астына су айдау қызметін бақылайтын маманның, қазіргі таңда тігіншілік өнері де Қоғам игілігі үшін олжа болып тұр. Маңғыстау мұнайының қарашаңырағында 30 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Гүлсім Жарылғасыова ұжымды бірлікке шақырды.

Гүлназ Сәрсенғалиева материалды-техникалық қамту базасының стажеры:

"Елдегі төтенше жағдай кезінде бос отырмай, қолымнан келген көмегімді аямауға тырысып жатырмын. Медициналық бетперделер жетпей жатыр. Әсіресе, кенорындарымызда жұмыс жасайтын қызметкерлеріміздің қорғану құралдары толық болғаны өте маңызды. Осы уақытта сәл де болса, үлес қоссақ деймін. Бұл жұмыстарды жалғастыра беремін. Тілегім ел-жұртымыз тыныш болып, елімізде тезірек жаймашуақ күндер орнаса екен", дейді Гүлназ. Өзі көп балалы ана, қазіргі таңда 4 баланы бағып, бала күтімімен үйде отыр.

Айгерім Хожанова – әкімшілік-әлеуметтік департаментінің стажеры:

"Коронавирусқа қарсы күресу, ұлт қауіпсіздігін сақтау - бәрімізге ортақ міндет. Осындайда әрбір азамат жауапкершілікті сезінуі тиіс. Негізі тігу қолымнан келмейтіні рас, бірақ жылдар бойы тігіншілікпен айналысатын енем бір рет көрсетіп бергеннен кейін  алып кеттім. Барлығы да ниетке байланысты екен. Бүгінге дейін 300-ден астам бетперде тігіп тапсырдым. Осы орайда "қолақы" төленуі де біз сияқты үйде отырған аналарға үлкен стимул екендігін атап өткім келеді", дейді Айгерім.

Бүгінгі таңда "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ қызметкерлері он мыңнан аса бетперде дайындап, тапсырды. Бұл орайда, ізгілікті іске бастамашы болған әкімшілік-әлеуметтік мәселелер департаментінің стажеры Анар Нұғманованың да еңбегін атап өткен жөн.

Әлемдік індеттің дауасы әлі табылған жоқ. Бірақ сақ­танудың жолдары бар. Ол – үйде оқшаулану. Сон­дықтан вирусты жеңу үшін әркім өз үйімізде болайық!

Альбина Әтен

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: