Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Кеше "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов бастаған делегация Қытайдағы Үрімші теміржолдары бас директоры Гао Цзиньян жетекшілік еткен топпен Алтынкөл және Қорғас станцияларында жұмыс кеңесін өткізіп болды. Тараптар 2019 жылдағы Қазақстан мен Қытай шекаралық темір жолдарындағы жұмыс қорытындысын шығарып, 2020 жылға арналған жүк тасымалы көлемін орындау жөніндегі іс-шараларды қарады деп хабарлайды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
2019 жылы ҚР мен ҚХР арасындағы тасымал көлемі 17 556 мың тонна болса, бұл 2018 жылға қарағанда 26% көп. Соның ішінде Қазақстан Республикасынан Қытай тарапына 10 767 мың тонна жеткізілсе, бұл 2018 жыл көрсеткішінен 27% асып, ал ҚХР-дан ҚР 6 789 мың тонна қабылданып, бұл өткен жыл деңгейінен 24% жоғары болып отыр. Бұл ретте шекаралық өткелдер Достық-Алашаңқай арқылы 13 347 мың тонна (+18% ), Алтынкөл-Қорғас бойынша 4 209 мың тонна (+55%) жүк тасымалданған.
2020 жыл тұрғысында, кеңес барысында, ҚР мен ҚХР теміржол әкімшіліктерінің өкілдері тасымалдың болжамды көлемін 19 млн тонна жүк мөлшерінде бекітті.
Қазақстан аумағы арқылы Қытай-Еуропа бағыты бойынша контейнерлік тасымалды өсіру, шекаралық станциялар арқылы пойыздарды кедергісіз және жеделдетіп өткізуді қамтамасыз етуде нақты шараларды қабылдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сондай-ақ, тараптар, ағымдағы жылы ақпанның ортасынан бастап Үрімші станциясы арқылы Багам металургия комбинаты жаққа вагондардың қос доңғалағын кең жолақтан тар жолаққа алмастыру арқылы темір кенін тәжірибелік тасымалдауды сынап көруге келісті. Теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемін арттыру мақсатында тұрақты негізде осындай тасымалдарды жүзеге асыру әрі қарай да қолға алынбақ.
Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.

10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
64
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы