Главная Новости «Богатырь» көмір кеніші 50 жылдық мерейтойын атап өтті
02 желтоқсан 2020, 07:24 1839

«Богатырь» көмір кеніші 50 жылдық мерейтойын атап өтті

«Богатырь» көмір кеніші 50 жылдық мерейтойын атап өтті

Әлемдегі ең үлкен «Богатырь» көмір кенішіне 50 жыл толды. Өндірісте үлкен жетістерге жеткен батыр кен орны атақ-даңқын бүгінгі күнге дейін арттырып келеді. Ал 1985 жылы кеніш қуаттылығы бойынша Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Кейіннен «Богатырь» аталған № 5/6 Ертіс көмір кенішінің бірінші кезегі 1970 жылғы 30 қарашада пайдалануға берілген болатын. Дәл осы атаулы күннен бастап бүкіл әлемге әйгілі көмір алыбы өз тарихын бастайды. Бүгінде «Богатырь» кеніші «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының  «Самұрық-Энерго» АҚ бірлескен кәсіпорны – «Богатырь Көмір»  ЖШС және  «РУСАЛ» ресейлік Біріккен Компаниясының құрамына кіреді. «Богатырь Көмір» ЖШС-нің үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін барлық көмірдің 65 пайызы және ҚР-дағы көмір өндірудің жалпы көлемінің 40 пайызы тиесілі. «Богатырь Көмір» ЖШС – ашық тәсілмен көмір өндіру бойынша әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі, оның баланстық қоры – 2,6 млн тонна. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 42 млн тонна көмірді құрайды, оның ішінде «Богатырь» кеніші бойынша – 32 млн тонна, «Северный» кеніші бойынша – 10 миллион тонна. Осы жылдың соңына қарай «Богатырь Көмір» кеншілері тұтынушыларға 43 миллион тоннадан астам көмір жөнелтуді жоспарлап отыр.

Алдағы уақытта «Богатырь» кенішінде көмір өндіру мен тасымалдаудың циклдік-ағындық технологиясы (ЦАТ) енгізіледі. Ол көмірді темір жолмен тасымалдаудан конвейерлік тасымалдауға көшуге мүмкіндік береді.

Қолданыстағы көмір тасымалдау технологиясымен салыстырғанда ағынды технологияның көптеген артықшылықтары бар. Атап айтқанда, ол көмірдің сапасын арттырып қана қоймай, 200 метрден астам тереңдікте көмір өндіруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал ол өз кезегінде «Богатырь» кенішінің қуатын жылына 40 миллион тонна көмірге дейін арттырады.

Мерейтой аясында «Богатырь Көмір» компаниясында бірқатар мерекелік іс-шаралар жоспарланған. «Богатырьда» 40 жылдан астам жұмыс істеген кеншілер ведомстволық наградалармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталып, кеніш ардагерлері мерекелік төлемге ие болды. Ал тамашалау алаңында ашылған «Богатырь» кенішіне 50 жыл» ескерткіш монументі мерейтойға арналған ерекше сый болды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: