Главная Новости «Қазақтелеком» тәртіпті қадағалауға көмектеседі
02 желтоқсан 2020, 07:39 673

«Қазақтелеком» тәртіпті қадағалауға көмектеседі

«Қазақтелеком» тәртіпті қадағалауға көмектеседі

«Қазақтелеком» мен ІІМ қылмысқа қарсы күресу үшін бейнебақылау жүйелерін біріктіреді. Ақкөлде компания басшысы Қуанышбек Есекеев пен ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осындай меморандумға қол қойды, деп хабарлайды SKnews компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Телеком-оператор 2017 жылдан бері «Қауіпсіз қала» концепциясы бойынша қалаларды бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету жобасын іске асырып келеді. Қазір елімізде 17 мың кіреберіске 34 мың бейнекамера орнатылып, 350 мың пәтер қамтылған.

«Қазір тұрғын үйлердің кіреберісіне орнатылған біздің камералар түсіріп тұрған видеоны тұрғындар көре алады, егер бірер жағдай болып жатса, видеоны полицияға да көрсете аламыз. Енді осы меморандум аясында өзіміздің «бұлттағы» бейнебақылау жүйесін ІІМ жүйесімен кіріктіреміз. Сонда біздің камералар түсіріп тұрған кескінді полиция департаменттерінің Шұғыл басқару орталығының мониторларынан көруге болады. Бұл қоғамдық тәртіп бұзылған кезде жылдам әрекет ету мүмкіндігін береді», – дейді «Қазақтелеком» басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

Айта кетейік, меморандумға Ақкөлде қол қойылғаны кездейсоқ емес. Елімізде «Smart City» жобасы алғаш рет дәл осы қалада іске асырылған болатын. Жобаның кей тұстары ТМД елдерінде алғаш рет қолданылып отыр.

«Бүгінде ІІМ шұғыл басқару орталығына қосылған 6 мыңға жуық бейнебақылау камерасын қолданады. Олардың көмегімен жыл басынан бері 5,5 мыңнан астам қылмыс ашылып, 408 мың әкімшілік құқық бұзу фактісі анықталды. Ал енді меморандум аясында «Қазақтелекомның» бұлттағы бейнебақылау жүйесі ІІМ жүйесімен кіріктіріледі. Бұл қылмыстар мен құқық бұзудың алдын алуға едәуір септігін тигізеді», – дейді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Бұдан тыс, «Қазақтелеком» LoRa технологиясының негізінде ТМД-дағы ең ауқымды М2М-желісін тартты. Ол «Ақылды қала» жобасының ұтымды шешімдерін бүкіл республикада қолдануға және ТКШ жұмысын автоматтандыруға жағдай жасайды. Қазір LPWAN желісінің инфрақұрылымында 428 станция бар. Олар 17 қаланың жалпы 5 мың шаршы километр аумағын қамтып, 1,8 млн үйге қызмет көрсету мүмкіндігін беріп отыр.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: