Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Роман Ткачук - «Богатырь» кенішінің №3 өндіру жұмыстары учаскесінің электромеханигі. Ол жақында АҚШ-тың Мичиган штатында өткен мұз астынан балық аулау бойынша Әлем чемпионатынан оралды. 10 елдің балықшылары қатысқан жарыс үш сағаттық екі турдан құралды.
Бірінші турда Роман Ткачук үздік нәтиже көрсетті. Сонымен ол өз секторында алғашқы ондыққа кіріп, екінші орынды иеленді. Жалпы жарыс қорытындысы бойынша екібастұздық кенші 56 кәсіби балықшының ішінде 18-ші орында тұрақталды. Осы жарыстағы Романның жеке рекорды – 3 903 грамм балық болды.
«Чемпионат өте қызықты өтті. Гранд-Рапидстің барлық тұрғындары бізді құшақ жая қарсы алды. Біз орталық алаңмен жүріп өттік, әрбір команда үшін өз елінің әнұраны орындалды», – деп өз әсерімен бөлісті Роман.