Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Сурет: Ашық дереккөзден
"Жеңіс" жобасы аясында қазақстандық тараптың пайдасына төлем жасалады. Бұл туралы Астанадағы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және "ЛУКОЙЛ" ЖАҚ президенті Вагит Алекперов қатысқан кездесуде мәлім болды.
Шара барысында Энергетика министрлігі, ҚМГ мен ЛУКОЙЛ ("ЛУКОЙЛ Қазақстан Апстрим" ЖШС) арасында Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы "Жеңіс" теңіз телімін бірлесе игеру шеңберінде көмірсутектерді барлау мен өндіруге құқық беру бойынша тікелей келіссөздер хаттамасына, сондай-ақ өзара түсіністік туралы бірлескен ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша қазақстандық тараптың пайдасына қол қою бонусын (жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын иелену үшін біржолғы тіркелген төлемі – ҚР Салық кодексі) және кадрлар құрамында (50% - басшылар, 80% - құрылымдық бөлімшелердің басшылары, 90% - орта буын мамандары, 100% - білікті жұмысшылар), сондай-ақ жұмыстар мен қызметтерде кемінде 50% жергілікті қамту үлесі бойынша жер қойнауын пайдаланушы міндеттемелері туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ынтымақтастықтың келесі кезеңі "Жеңіс" телімінде көмірсутектер шикізатын барлау мен өндіруге келісімшарт жасау болмақ.
Естеріңізге салайық, 2018 жылдың 5 маусымында ҚМГ мен ЛУКОЙЛ арасында "Жеңіс" жобасы бойынша қағидаттар туралы келісімге қол қойылған болатын. Ол келісімге сәйкес бірлесе барлаудың негізгі шарттары бекітілді. 2018 жылдың 30 қарашасында Бірлесе қызмет ету туралы келісімге және Қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды.
ҚМГ мен ЛУКОЙЛ стратегиялық серіктестер болып табылады және ұзақ жылдар бойы бірқатар бірлескен жобаларды іске асырып келеді деп хабарлайды "ҚМГ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
133
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»