Главная Новости «Caspi Bitum» зауытында жол-құрылыс ұйымдарына арналған Ашық есік күні өтті
01 қыркүйек 2023, 08:21 1492

«Caspi Bitum» зауытында жол-құрылыс ұйымдарына арналған Ашық есік күні өтті

«Caspi Bitum» зауытында жол-құрылыс ұйымдарына арналған Ашық есік күні өтті

Ақтау битум зауыты еліміздің 20 жол-құрылыс ұйымдарының өкілдерін шақырды. ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған Ашық есік күні жол-құрылыс компанияларының өкілдері «Caspi Bitum» өндіретін модификацияланған және қаптарға буып-түйілген битумның техникалық-химиялық қасиеттерімен танысуға мүмкіндік алды.

Зауыттың баспасөз қызметі хабарлағандай, «ҚазАвтоЖол» АҚ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК және басқа да бірқатар жол ұйымдарының өкілдері техникалық ревью барысында зауыт өндіретін битум өнімінің инновациялық қасиетін атап өтті.

Буып-түйілген (биг-бег – арнайы қаптардағы) битум өзінің физикалық-химиялық қасиеттерін ұзақ сақтап тұрады, себебі арнайы инновациялық қаптама оның қызып кетуін немесе суып кетуін болдырмайды. Ал модификацияланған (полимер қосылған) битум жол сапасын жақсартып, пайдалану мерзімін ұзартады. Зауыт шығаратын битумды күз және қыс мезгілінде жүргізілетін жол-құрылыс жұмыстарында пайдалануға болады. Зауыт өнімі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің, сондай-ақ, еліміздің барлық-дерлік стратегиялық автожолдарының құрылысында қолданылады.

Ашық есік күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан жолдарын сапалы салу үшін отандық жол-құрылыс ұйымдары Ақтау битум зауытымен өзара тиімді ынтымақтастығын жандандыру мақсатында уағдаластыққа қол жеткізді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: