Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгін «Самұрық-Қазына» қоры кеңсесінде «Цифрлық жаз-2018» тағылымдама бағдарламасының қорытындысы жарияланды. Жобаға 2100 үміткер ішінен іріктеліген 65 жас IT маманы қатысып, нәтижесінде үздік деп танылған 33 тағылымгер Қазақстанның ең ірі компанияларына жұмысқа орналасатын болды.
Қордың болашақ қызметкерлерін «Самұрық-Қазына» АҚ Операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Пірметов құттықтап, бағдарламаға қатысуға ниет білдірген үміткер саны көп болғанын атап өтті. Бір жұмыс орнына 63 адам қарастырылған.
«Екі ай бұрын біз осы жобаны бастап, жас мамандарға IT саласында тәжірибе жинауға мүмкіндік бердік. Сіздер қатаң іріктеуден өтіп, кәсіби мамандармен бірге күрделі модульдер әзірледіңіздер және де «Microsoft», «Oracle», «Cisco» сияқты IT саласындағы үздік компаниялардың оқыту бағдарламаларына қатыстыңыздар. Біз келешегі зор, дарынды мамандарды дайындадық деп айта аламыз», - деді Басқарушы директор.
2016-2018 жылдары жоғарғы оқу орындарын бітірген тәлімгерлер бағдарлама аясында Қордың электронды құжат айналымына көшу жобасын дайындауға қатысты, серверлерге қызмет көрсетуге көмектесті, телеграм-бот үшін Java тілінде жаңа бұйрықтарды құрастырды және басқа да тапсырмаларды орындады.
Тәлімгерлік бағдарламасы «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы аясында жүзеге асырылды және Астана, Алматы, Атырау, Павлодар, Өскемен қалаларын қамтыды.
Атап өтерлік жайт, ағымдағы жылдың сәуір айында «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы Қордың кадрлық саясатын жаңартып, көпшілікке таныстырған болатын. Холдингке қарасты қоржындық компанияларда жұмысқа қабылданатын үміткерлерді іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ететін конкурстық іріктеудің бірыңғай жүйесі енгізілді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
62
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
63
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы