Главная Новости Дәнекерлеуші Оразмұрат: «Өндірісте өзіндік қолтаңбам бар»
08 желтоқсан 2020, 12:07 2114

Дәнекерлеуші Оразмұрат: «Өндірісте өзіндік қолтаңбам бар»

Дәнекерлеуші Оразмұрат: «Өндірісте өзіндік қолтаңбам бар»

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары – Жетібай мұнайының даңқы алысқа озған тарихи кезең еді. Әулиеата өңіріндегі Хантауының баурайында дүниеге келген Оразмұрат ағайдың әкесі сол кездегі Жетібай мұнайының даңқын естіп, Маңғыстауға көштің басын бұрған екен. Келе сала отағасы – Жеткізген Мұханов енді-енді жанданып жатқан өндіріске қызмет көрсететін өрт сөндіру саласына жұмысқа тұрды.

Бала Оразмұрат Маңғыстау топырағына да үйренісіп, мектепті де абыроймен аяқтады. Кейін қаладағы ГПТУ-11 училищесіне оқуға түсіп, дәнекерлеуші мамандығын алды. Ол кезде жас мамандар үкіметтің тікелей қамқорлығында болғандықтан, оқуды бітірген бойда ЖУБР мекемесіне жұмысқа тұрды. Бұл жерде біраз тәжірибе жинады.

Кейін әскерге алынып, Отан алдындағы міндетін адал атқарып келді. Кейін «Жетібаймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына жұмысқа алынды. Міне, сол уақыттан бері 30 жылдан астам уақытта адал еңбегінің жемісін жеп келеді. Жұмысты белсене атқара жүріп, жылдан жылға біліктілігін арттырған әріптесіміз қайта оқудан өте жүріп, бүгінгі таңда 4-дәрежелі электр газ дәнекерлеуші болып еңбек етуде. Бұл кәсіптің наны жеңілдікпен келмейді. Сырт көзге оңай көрінгенмен, қазір бұл мамандыққа қойылатын біліктілік талаптары жоғары. Оразмұрат Мұханов қандай іс болса да қиынсынбай, Жетібай кен орнында салынған ірі-ірі құрылыс нысандарында еңбек етіп, Компания табысына өз үлесін қосып келеді.

«Өндіріс, оның қызу тірлігі маған жат емес. Бала күнімізден ауыр тірлікке дағдыланып өстік. Сондықтан болар, бірден жұмысқа, ұжымға үйренісіп кеттім. Жылы шыраймен қарсы алған ұжымдағы өз ісінің шебері атанған білікті мамандардың жетекшілігімен мамандығымның қыр-сырына қанықтым,тәжірибе жинақтадым. Темір бөлшектерді бір-біріне жалғап, құбырларды біріктіру және оның сапалы жасалуы әрдайым басты назарда. Еңбек өнімділігінің артуына өзіндік қолтаңбамды қалдырып келе жатқанымды мақтан етемін. Келген маманды білікті, білімді, өз ісінің шебері, тәжірибелі маман етіп қалыптастыратын осындай алып өндірісте еңбек ету мен үшін үлкен мәртебе», – дейді Оразмұрат ағай.

«Еңбек адамды қашан да бақытқа бөлейді» деген сөз бекер емес. Адал еңбектің арқасында әр адам өз бақытын табады. Өзіне ғана тиесілі, өзіне ғана лайық жолмен жүріп, тірлік жасайды. Осы орайда Компания тарапынан құрмет көрсетіліп, мақтау-марапатқа да ие болды. Даналықтың, даралықтың негізін қарапайым ғана адамдық парасаттан іздеп жанұялы болды. Бүгінде отбасы басқаларға үлгі. Құдай қосқан қосағы екеуі қызығы да, қиыны мол өмірді бастан кешірді, бүгінде тәрбиелі ұл-қыз өсірген өнегелі ата-ана.

Арайлым Ақшаева

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: