Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
"Жас Өркен" бағдарламасының қорытындысы бойынша Қазақстан жоғары оқу орындарының 16 студенті "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ компаниялар тобына жұмысқа тұрды. Бұл туралы бағдарламаның жабылу салтанаты кезінде Қордың Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов айтты.
Бұл бағдарлама Жастар жылын өткізу аясында Қазақстанның жастарына қолда көрсетуге және дамытуға бағытталған "Жас Самұрық" жобасының аясында өткізіліп жатыр.
Жаңа қызметкерлерді Қордың басшысы Ахметжан Есімов құттықтады.
"Сендердің өмірлерің жаңадан басталып келе жатыр және бұл жерде жұмыс жасау – үлкен мәртебе. Осындай мүмкіншілікке жол ашылып отыр, соны жақсы пайдаланыңдар", - деді Ахметжан Есімов.
Сонымен қатар, бағдарламаға деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. 2017 жылы конкурстық іріктеуге 600-ге жуық түлек, ал 2019 жылы 4500 адам бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. Ағымдағы жылы "Жас Өркен" бағдарламасының қорытындысы бойынша Қордың қоржындық компанияларында 16 студент жұмыс істейді: "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ, "Қазпошта" АҚ, "Эйр Астана" АҚ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ және басқа да компаниялар.
Бағдарлама түлектерінің қатарына кіру үшін студенттер қабілеттері мен әлеуетін бағалауда үздік әлемдік тәжірибені қамтитын төрт деңгейлі іріктеуден өтті. Олардың мүмкіндіктерін Қордың және компаниялар тобының басқарушы директорлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және халықаралық ұйымдарының тәуелсіз басқарушыларын қамтитын конкурстық комиссия бағалады.
Бағдарламаның басты артықшылығы – тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен жеделдетілген даму.
Бағдарлама түлегі Жәнібек Жолдаспен әңгімені "SK News" басылымының жаңа нөмірінен оқыңыздар
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
67
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
76
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы