Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
informburo.kz
Мұндай мүмкіндікті «Самұрық-Қазына» қоры екі күн бойы «Цифрлық жаз 2018» бағдарламасында тағылымдамадан өтуші жастарға қамтамасыз етті. Дәрісті «Power BI арқылы ілгері талдау жасау» курсы барысында «Microsoft» компаниясының деректері талдау құралдары бойынша маманы Санжар Мырзағалым оқыды.
Ол ақпараттық технологиялардың маңыздылығын атап өтіп, тағалымдамадан өтуші жастар бәсекеге қабілетті болу үшін озық технологияларды қалай пайдалануға болатынан көрсетті.
«Тағылымдамадан өтушілер бәсекеге қабілетті болуы үшін біз дәрістер барысында соңғы үрдістерді көрсетуге тырысамыз. Деректерді талдау бойынша дәріс жүргізіп, үлкен көлемдегі ақпараттарды талдау үшін «Microsoft» ең озық технологияларын қалай пайналанатынын көрсетеміз. Шын мәнінде, бұл өте өзекті мәселе, себебі тыңдаушылардың дәрістен алған білімдері болашақта міндетті түрде пайдаға жарайды. Мұны университетте оқытпағандықтан, біз оларға нақты білім беруге тырысамыз», - деп атап өтті Санжар Мырзағалым.
Сонымен қатар, «Microsoft» компаниясы маманының айтуы бойынша, ақпараттық технологиялар саласындағы білім тез арада ескіреді және мамандардың сол білімді әрдайым жаңартып отыруы керектігін тілге тиек етті. Мысалы, біраз университеттердің өзінде қазір бірнеше жыл бұрын бекітілген бағдарлама бойынша білім беріледі, бұл ақпараттық технологиялар саласында әрдайым қолданылмауы мүмкін. Санжар Мырзағалымның айтуы бойынша, бағдарлама жыл сайын өзгеруі тиіс, себебі жаңа технологиялар нарығы жаңартылып отырады.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 6 маусымында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен Қоржындық компанияларында «Цифрлық жаз 2018» тағылымдама бағдарламасы басталды. Осы бағдарламаның бірегей ерекшеліктерінің бірі – тағылымдамадан өтуші жастар бәсекелестігі жоғары IТ саласында құнды тәжірибе мен білім алады, SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei компанияларының өнімдерімен жұмыстарын шыңдай алады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
157
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете