Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Әлемді өнерімен, қарапайымдылығымен, еңбекқорлығымен тәнті еткен Димаш Құдайбергеннің, өзіміздің Димаштың жайын анасынан сұрап білдік. Дүниеге әкелген ата-анасы, бірақ, миллиондаған жанкүйері бар қазақтың аяулы баласы кішкентайынан ата-әжесінің қолында өскен.
Үлкендердің қасында жүріп, естіген әңгімесін жадына әбден түйген болса керек, осы жайттар баланың әлемдік сахнада жемісін беріп жатқан сыңайлы.

«Димашты кейде өзіміз танымай жатамыз. Қатары секілді өзін еркін ұстап, еркін жүріп-тұрғанын көрмедік. Таңның атысы, күннің батысы оның сүйікті жері ауламыздағы студия болатын. Димаш сабақтан тыс уақытта студияға кіріп кетеді де, аспаптарда ойнайды, ән салады, дауысты жақсартатын жаттығулар жасайды. Оның әлемдік сахнаға шығамын деп жүргенін талай еститінбіз. Арманы үлкен сахналарда ән салу еді. Біз, әрине, оны қақпайламадық. Бәлкім періштелер ауызына салып тұрған болар. Бала арманының орындалатынына өзі сенді», - дейді Светлана Айтбаева.

Күміскөмей әншінің анасы ақ сүтінің ақталғанын айтады. Концерттерге шығарда іштей «Алласын» айтып отыратынын жасырмайды. Алайда, «менің ұлым талант, оны ешкім көре алмайды екен, бәсекелестері қызғанады» деген сияқты ойлардан ада екенін алға тартады.
«Керісінше, Димаштың жанашыры көптеп саналады. Оған тілекші жандар аз емес. Әрине, баланың амандығын тілеп отырамыз. Алла разылығы үшін садақамызды береміз. Көмек сұрап келетін жандар көп. Осы кісілердің тілектері орындалсыншы деп еш аянған емеспін. Баламның басының амандығы үшін ана ретінде үнемі тілекшімін ғой», - дейді Светлана Айтбаева.
Димаштың қарапайымдылығы, аңғалдығы сол, кейде оны пайдаланып кеткендер де болған. Жас деп қараған болар. Расымен, Димаш өнерді бірінші орынға, ал қалған дүнияу жайттарды кейінгі орындарға ысырып тастайды екен.
«Қасымызда ол бөлек. Тұйық. Көп сөйлемейді. Артық тентек қылығын байқамаймыз. Ал, сахнада бала мүлдем басқа. Жүзінде әрдайым қуаныш. Әннен, тыңдармандарынан ләззат алатын болса керек. Әжесі мен атасының тәрбиесі бар, әкесі үнемі ақылын айтып отырады», - дейді анасы.
Ана жүрегі баласының ешқашан жұлдызды ауруға шалдықпағанына, тіпті ол туралы мәселе туындамайтынына сенімді. Керісінше, оның әлсіз, бәлкім керемет қасиеті де оның көңілшектігінде болар. Өзгені ренжітіп алмасам деген ниеті басым көрінеді.
Қытайдағы байқаудан Астана арқылы Ақтөбеге пойызбен жол тартады. Купеде оны таныған жұрт сенер-сенбесін білмегенге ұқсайды. «Мүмкін емес, әлем танып жатқан баланың пойызбен жүргені несі?!» таңданысын жасырмаған. Бірақ, тіл-көзге сенетін халық дереу таңданысынан қайтып, онымен ұзақ отырып, әңгімелесіп қалғысы келеді. Неше күн жолда жүрген Димаш жолаушылардың көңіліне қарап, түн ортасы ауғанша олармен әңгімелесіп, ән айтып, көңілдерін қалдырмапты.

Өзі Ақтөбеге санаулы күнге келген ғой. «Света апай, шаршап келдім (Димаш анасын апай, әжесін маматай дейді)» деген де екі күн тұрмастан ұйықтаған. Димаштың ауылға келгенін естіген достары да үйге ағыла бастайды. «Света апай, сіз асқан етті сағындық» деп келіп тұрады екен. Димаш ешбірінің көңілін қалдырмайды. Сөйтіп, ата-анасының қасында болуына да уақыт қала бермейтін болса керек.
«Мен жастарға баламнан үлгі алыңдар деп айта алмаймын. Оны пір тұту керек деген ойдан аулақпын. Олай мақтанудан да қорқамын. Дегенмен, кез келген жан, кез келген жас адам шама-шарқы келгенше көп еңбектеніп, жемісін көру керек. Қарапайымдылық адамға көрік береді. Ешкімге жамандық ойламаса екен. Барлығы сынақ», - деп қайырды талантты әншінің анасы.
Ақтөбе жұртшылығы Құдайбергеновтерді зиялы отбасы санайды. Ал, осы жандардан өрбіген Димаш ешқашан да жаман болмауға тиіс...

Асқар АҚТІЛЕУ
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
67
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
76
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы