Главная Новости «Дублер күні»: Қаражанбасмұнай қызметкерлері жұмыс орындарын ауыстырды
23 қыркүйек 2022, 10:20 4085

«Дублер күні»: Қаражанбасмұнай қызметкерлері жұмыс орындарын ауыстырды

«Дублер күні»: Қаражанбасмұнай қызметкерлері жұмыс орындарын ауыстырды

«Қаражанбасмұнай» АҚ-ның қатардағы жұмысшылары департамент басшыларының қызметін атқарды. «Дублер күні» пилоттық жобасы аясында олар бір күн ішінде өз әріптестерінің немесе бөлімше директорларының лауазымдық міндеттерін орындады. Осылайша, екі тарап олардың күн сайын қандай жұмыстармен бетпе-бет келетінін көріп, негізгі бизнес-процестерді жүзеге асыруға тікелей қатысты. Сондай-ақ өзге де құрылымдардың қызметімен жақынырақ танысты.

Перспективалық даму және тәуекелдерді басқару департаментінің жетекші инженері Орынбек Берішбаев сағат 8:30-дан бастап директор қызметіне кірісті. Ол бұған дейін жұмысты қалай жүргізетінін жоспарлап, шұғыл кәсіби дайындық курсынан өтті. Қайрат Нұрмұханов жаңа басшыға жоспарланған жұмыс көлемін сеніп тапсырып, сәттілік тіледі. Ал әлеуметтік жұмыс департаментіне Мәлік Меңдіғалиевтің орнына аға маман Мархабат Махамбетова жауапты.

Ол жұмыс күнін жиналыстан бастап, қарамағындағы екі бөлімге тапсырма берді.

«Бұл жоба қызметкерлер мен басшылық арасындағы байланысты нығайтады. «Дублер күніне» қатысуға ниет білдірген қызметкерлер дайындығы мол, жауапты, креативті, білікті мамандар. Сондықтан оларға бір күндік жұмыс жоспарын сеніп тапсыруға болады. Олар да өз кезегінде бойындағы басқарушылық қабілеттерін шыңдайды», – деді Бас директордың кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Оңғар Қабылов.

Мұнайшылар басшылардың рөліне оңай үйреніп, жиналыстарда шебер сөйлеп қана қоймай, маңызды бизнес-процестерді басқарды. Сонымен қатар, жобаның әр қатысушысы компанияның стратегиялық дамуы туралы өз көзқарасын айтты. Мәселен, маркетинг департаментінің аға маманы Данияр Төлегенов битумның тиеп-жөнелтілуіне және іске асырылуына бақылау жүргізіп, әріптестеріне жаңа келісім-шарт жасау және мұнай тапсыру кестесін дайындауға тапсырма берді. Персоналды басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры Бауыржан Базарбаев өзінің лауазымдық міндеттерін кен орны қызметкеріне тапсырды. Еңбекті нормалау жөніндегі инженер Марат Мәмбетов жаңа жұмысқа құлшыныспен кірісті.

«Бұл әр түрлі буын қызметкерлері үшін өз әлеуетін көтеруге, әріптестерінің лауазымдық міндеттерін түсінуге тамаша мүмкіндік. Көшбасшы болу оңай емес екен. Ұжымның зор жауапкершілігі мен сенімін ерекше сезінесің», – деп атап өтті Марат Мәмбетов.

Жұмыс күні аяқталған соң, дублерлер атқарған жұмысы туралы есеп береді. Басшылардың міндетін абыроймен тапсырған олар, бұдан былай жалпы жұмыс процесіне басқаша көзқарас танытаныны анық.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: