Главная Новости Екпе алу – қауіпсіз әрі қолжетімді
15 шілде 2021, 07:45 654

Екпе алу – қауіпсіз әрі қолжетімді

Екпе алу – қауіпсіз әрі қолжетімді

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметкерлері әріптестері мен барша қазақстандықтарды екпе алуға шақырды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.  ​

Қызметкерлердің айтуынша, індетті жеңудің бірден бір жолы тек вакцинация болып табылады.

«Отбасымызбен түгелдей екпе алдық. Өйткені тек вакцинация ғана пандемияны жеңуге көмектеседі деп ойлаймыз. Бұған дейін мен көп оқыдым, екпе жайлы ақпарат іздедім. Содан барып екпе алуға бел будым. Бәрі де өзіміздің қолымызда. Сақтансақ қана COVID-19-ды жеңіп шығамыз», – дейді «Ембімұнайгаз» АҚ «Жайықмұнайгаз» МГӨБ мұнай дайындау және айдау цехының операторы Ыбырай Шеруенов.

«Ембімұнайгаз» АҚ «Ембімұнайэнерго» басқармасы релелік қорғаныс, автоматика және метрология бөлімінің бастығы Олег Дыгин де вакцинациялауды қалыпты өмірге оралудың жалғыз жолы деп санайды.

«Қазгермұнай» БК» ЖШС ҰБжЖҚ басшысы Бахытжан Күшкінбаев те ұқсас пікірді ұстанады: «Мен екпе алуды таңдадым, себебі мен үшін менің және отбасымның денсаулығы бәрінен де артық».

2021 жылдың 14 шілдесіндегі жағдай бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында 19,4 мыңнан астам қызметкер немесе жалпы жұмысшылар санының 30%-ы екпе алды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: