Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Богатырь Көмір» ЖШС компаниясында ЭКГ типті шөміш экскаваторларының машинистері арасында кәсіби байқау өтті.
Алдымен 12 қатысушы кабинаның биіктігінен қарап, кезек-кезек шөмішпен баскетбол добын қашықтыққа бекітілген сақинаға лақтыруға тырысты. Әрқайсы үш әрекеттен жасады. Содан кейін оларға шөмішпен жеңіл түрту арқылы ағаш тақтаға шегені соғып кіргізу ұсынылды. Практикалық бөліктің соңғы міндеті – шөміштің ілмегіне байланған су толтырылған шелекті төгіп алмай, арнайы дайындалған металл жақтауға дәл қою болды.

Конкурстың теориялық кезеңінде тәжірибелі экскаваторшыларға білгірлікті көрсету қажет болды. Өз машинасының тарихы, оның техникалық сипаттамалары, механизмдердің жұмыс қағидалары, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау мәселелері бойынша бірнеше сұрақтарға жауап беру. Айта кету керек, өндіріс теориясын білу көп нәрсені анықтады.
Кәсіби шеберлік конкурсының қорытындысы бойынша В.Вахрушев ЭКГ типіндегі экскаватордың үздік машинисі болып танылды (№ 3 ӨЖУ, ЭКГ-12,5 № 2647), екінші орынды Б. Беспальков (№ 2 ӨЖУ, ЭКГ-4УС № 2476), үшінші орынды Д. Шестаков (№ 3 ӨЖУ, ЭКГ-15М № 1901) жеңіп алды.

Осы жылы бас жүлде ретінде конкурс жеңімпазына дәнекерлеу аппараты, екінші жүлдегерге – мобильді автожуу, үшінші орын алғандарға – перфоратор тапсырылды. Ынталандыру жүлделерімен конкурстың қалған қатысушылары да марапатталды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
317
13 марта 17:18
Компании группы АО «Самрук-Қазына» удостоились ряда наград Казахстанской фондовой биржи