Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысының қабылдауы барысында Ғалымжан Пірматов Компания жоспарлы межелерді толық еңсеріп келе жатқанын жеткізді. Тиісінше төленетін дивиденттер көлемі де артпақ.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы ірі ұлттық компаниялардың бірі саналатын "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы әлемдік атом өнеркәсібі саласында маңызды орын алатынын атап өтті.
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы Басқармасының төрағасы Қазақстан Президентіне Компания жұмысының негізгі қорытындылары мен келешек көзделген белестер жөнінде баяндады.
"Біз әлемдік атом саласындағы жағдайды мұқият саралап, дамудың жаңа стратегиясын қабылдадық. 2017 жылы және биылғы 8 айда Компания өндірістік және қаржылық жоспарларының бәрін орындады. Осы жылы төленетін дивиденттер былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есе артады деп болжап отырмыз", – деді Ғ.Пірматов.
Қазатомөнеркәсіп компаниясы басшысының мәліметіне сәйкес, биыл уран сату көлемі соңғы үш жылдағы орташа көрсеткіштен жоғары болмақ. Нәтижесінде компания әлемдік нарықта өндіріс ауқымы жағынан ғана емес, сондай-ақ сату көлемі жөнінен де ірі кәсіпорынға айналады.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
53
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы