Главная Новости Елбасыға 68 мың жаңа жұмыс орны ашылғаны баяндалды
23 мамыр 2019, 08:28 2736

Елбасыға 68 мың жаңа жұмыс орны ашылғаны баяндалды

Елбасыға 68 мың жаңа жұмыс орны ашылғаны баяндалды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес отырысын өткізді. Жиынға Премьер-министр А.Мамин, Президент әкімшілігінің Басшысы Б.Сағынтаев, "Самұрық-Қазына" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы А.Есімов, "Самұрық-Қазына" АҚ тәуелсіз директоры Р.Эванс, Тұңғыш Президенттің көмекшісі Д.Ақышев, басқарма мүшелері және Қордың Ұлттық компанияларының жетекшілері қатысты деп хабарлайды Ақорда

Отырыста "Самұрық-Қазына" АҚ 2018-2028 жылдарға арналған Даму стратегиясын жүзеге асыру туралы есеп тыңдалды, сондай-ақ Қорды одан әрі трансформациялау жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.

"Қор ел экономикасында маңызды рөл атқарады. Біз озық халықаралық тәжірибені зерделеп, осы Қорды құрдық. Бүгінде "Самұрық-Қазына" қоры ел экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып келеді", – деді Елбасы.    

Басқосу барысында "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма төрағасы А.Есімов корпоративтік орталықтардың құрылымын оңтайландыру  және Қордың басқару деңгейлерін қысқарту нәтижелері туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаевқа Қор компанияларын жекешелендіру, индустриалдық-инновациялық даму және "Нұрлы жол" бағдарламаларын іске  асыру барысы туралы мәлімделді. А.Есімовтың ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда Қор жалпы сомасы 8 триллион теңгені құрайтын 54 жобаны жүзеге асыруда және 68 мың жаңа жұмыс орны ашылды. 

"Біз Қор портфелін әртараптандыру үшін егемен қорлармен және халықаралық инвесторлармен стратегиялық серіктестік орнату мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз. Қазіргі таңда жалпы сомасы 13,3 миллиард долларды құрайтын екі жақты 28 келісімге қол қойылды", – деді "Самұрық Қазына" АҚ Басқарма төрағасы.

Жиында, сондай-ақ, Р.Эванс, А.Мамин және Ұлттық компаниялардың басшылары баяндама жасады.

"Қордың басты міндеті – активтерді көбейту, табысты арттыру және ұлттық компанияларды дамыту. Қор активтерінің ел экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар. Жаңа басшылық жұмысының оң нәтижелерін атап өткім келеді. Қысқа мерзім ішінде қарызды азайтып, компаниялардың табысты жұмыс істеуін, қаржы құралдарын тиімді басқаруды қамтамасыз ете алдық", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы, сондай-ақ, Қордың сатып алуларды ұйымдастыру және кәсіпкерлікті қолдау саласындағы жұмысының нәтижелерін жоғары бағалады.

"Қор ішінде бір жерден сатып алу айтарлықтай қысқарып, тендерлердің көлемі артты. Олар ашық өткізілетін болды. Бүгінде жұмсалатын шығын 5 есе азайды. Өкінішке қарай, мемлекеттік органдардың сатып алу ісінде мұндай нәтиже жоқ. Міндеттер дұрыс белгіленген жағдайда қолданыстағы заң нормалары да миллиардтаған теңгені үнемдеуге мүмкіндік беретінін Қор қызметі айқын көрсетіп отыр", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қордың адам ресурстарын басқару саласында қолға алып жатқан шараларына қолдау білдірді.

"Компаниялар мен кәсіпорындардың басты активі – адамдар. Жұмысқа алу рәсімінің ашық болғаны маңызды. Барлық тағайындаулар транспарентті болуға тиіс", – деді Елбасы.

Жиын қорытындысы бойынша Қордың қаржы жағдайын одан әрі жақсартуға, еліміздің тауар өндірушілерін қолдауға, "Қазақтелеком" және "Air Astana" компанияларының акцияларын IPO-ға шығаруға бағытталған шешімдер қабылданғаны хабарланып отыр. 

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: