Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Отын-энергетика кешенін цифрлық трансформациялау аясында QazaqGaz Aimaq компаниясы газ есептегіш құрылғыларының көрсеткіштерін жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы автоматты түрде жіберуге арналған мобильді қосымшаны пилоттық режимде енгізе бастады.
Цифрлық қызмет Қызылорда, Қостанай және Түркістан облыстарында сынақтан өтуде. Қосымшаны қазірдің өзінде 7 мыңнан астам тұтынушы жүктеп алған, оның ішінде Түркістан облысындағы белсенді пайдаланушылар жаңа сервистің ыңғайлылығын алғашқылардың бірі болып бағалап үлгерді.
Қосымшаның жұмыс істеу қағидасы қарапайым: тұтынушы есептегіштің фотосуретін түсіреді, ал жасанды интеллект негізіндегі жүйе мәліметтерді автоматты түрде таниды және өңдейді. Бұл бақылаушының келу қажеттілігін жояды, шоттардың жасалуын жеделдетеді және қателерді барынша азайтады.
QazaqGaz Aimaq компаниясының мәліметінше, бұл сервис операторларға түсетін жүктемені азайтып, есеп айырысудың ашықтығын арттыруға және халық арасында газды ұқыпты тұтыну мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жақын арада қосымшаның функционалы кеңейтіледі. Тұтынушылар төлем тарихын көру, есептегіштерді тексеру мерзімдері туралы ескертулер мен газ желілеріндегі жоспарлы жұмыстар туралы хабарламалар алу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ виртуалды көмекші мен адал тұтынушыларға арналған ынталандыру жүйесі — бонустар мен кэшбэк түрінде енгізу жоспарлануда.
ҚР Энергетика министрлігі халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және газбен жабдықтау саласындағы ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған цифрлық бастамаларды қолдайды.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
22
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы
178
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде