Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Үкімет отырысында отандық тауар өндірушіні сатып алуда қолдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
«2024 жылы отандық тауар өндірушілермен 1,1 трлн теңгеден астам сомаға шарттар жасалды. Жобалардың арқасында елімізге 150 млрд теңгеден астам инвестиция тартылатын болады», — деп атап өтті Нұрлан Жақыпов.
Қол қойылған шарттардың көлемі 1,1 трлн теңгеден асты, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 7 есе көп. Оның шамамен жартысы, яғни 494 млрд теңгесі ұзақмерзімді шарттарға тиесілі (2023 жылғы көрсеткіштен 76%-ға артық).
«2025 жылы бұл көрсеткіштерді 25%-ға арттыру жоспарланып отыр. Биыл қаңтар–мамыр аралығында, жұмыстар аясында сатып алынған тауарды ескере отырып, ОТӨ-мен 433,3 млрд теңгеге келісімшарттар жасалды», — деді Жақыпов.
Отандық тауар өндірісін қолдау — ұлттық өнеркәсіптің дамуына және өндірістегі жергілікті үлесті арттыруға ықпал етуде. Биыл бір ай ішіндегі сатып алу көлемі бойынша алдыңғы орындағы компаниялар:
Ал офтейк-келісімшарттар көлемі бойынша ҚТЖ, ҚазМұнайГаз және KEGOC көш бастап тұр. Олардың шарттарының жалпы сомасы — 110,3 млрд теңге. Отандық өндірісті қолдауға бағытталған Қордың сатып алу жүйесі Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.