Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Жекпе-жек сарайының таныстырылымы өтті. Құрылысты "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жүзеге асырды. Жобаның құны шамамен 19,5 млрд теңгені құрады. Жоба әкімшісі - "Samruk – Kazyna Construction" АҚ.
Бірегей ғимаратта жекпе-жектің барлық түрлерінен халықаралық жарыстар өтеді: бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика және тағы басқа. Сондай-ақ, кешенде спортшылар жарысқа дайындалып, ем-сауықтыру шаралары қамтамасыз етіледі. Бұдан басқа, бұнда салауатты өмір салтын ұстанатын қарапайым тұрғындар спортпен шұғылдана алады.
"Кешен халықаралық спорт федерациясының стандарттары мен талаптарына сәйкес салынды. Ғимараттың құрылысы кезінде жылу беру, желдеру ауа баптау және бөлмені жарықтандырудың заманауи энергиялық тиімді жүйелер ұсынатын инновациялық инженерлік шешімдер қолданылды. Жекпе-жек сарайы ғимаратының бірегей үшбұрышты пішіні Қазақстанның бостандығы мен бірлігінің белгісі ретінде ұшатын қыран келбетін бейнелейді", - деді "Samruk-Kazyna Construction" АҚ сатып алу және пайдалану департаментінің директоры Дархан Мұсанов.

Көпсалалы сарайдың аумағы 32 мың шаршы метр, 5 мың көрерменге арналған. Кешен төрт қабаттан және бірнеше блоктан тұрады – аренадағы әмбебап жаттығу залы, жаттығу және спорттық-сауықтыру бөлмесі, сондай-ақ қонақ үй қарастырылған. Сонымен қатар, кешенде 25 метрлік жүзу бассейні, фитнес-орталық және шағын футбол алаңы да бар.


10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
155
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету