Главная Новости Ембі өндірісінің абыройы аласармайды
12 қыркүйек 2023, 09:51 929

Ембі өндірісінің абыройы аласармайды

Ембі өндірісінің абыройы аласармайды

«Ембімұнайгаз» АҚ-ның кәсіби мереке – Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиындар легі Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен шарамен қорытындыланды.

Ғасырлық тарихы бар, қамбаны «қара алтынмен» толықтырып жүрген Ембі өндірісінде еңбек ететін кәсіп иелерінің қызметіне қатысты арнайы дайындалған бейнероликпен шымылдығын ашқан шараға «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Сәбит Арынов қатысып, құттықтау лебізін жеткізді.

Кәсіби мереке барлық өндірістік-құрылымдық бөлімшелерде аталып өткенін жеткізген Сәбит Әбілдаұлы биылғы кәсіби мерекемен тұспа-тұс келген мерейлі даталарға да тоқталды. «Жайықмұнайгаз» МГӨ басқармасы, Прорва, С.Балғымбаев, Гран, Қисымбай, Шығыс Мақат кен орындарын мерейлі белестерімен құттықтады.

«Қазақ мұнайының қара шаңырағы – ғасырлық тарихы бар Ембі өндірісінің абыройын аласартпай, өндірістік көрсеткіштерді жақсарту жолында еңбек етіп жүрген әріптестеріміз бен алдыңғы буын ардагерлерді әрқашан мақтаныш тұтамыз, еңбектеріңіз үшін алғыс айтамыз. «Ембімұнайгаз» АҚ – үздіктер қатарынан көрініп жүрген Компания, соның дәлеліндей, былтырғы нәтижелер бойынша үздік салық төлеушілер қатарынан көрінді» деген Компания басшысы алдағы жоспарларды баяндап, мұнайшыларға ізгі тілегін жолдады.

Бұдан соң, салтанатты жиын марапаттау рәсіміне жалғасты. Бір топ қызметкерлер табысты еңбегі, қызметтегі жетістіктеріне орай, ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі және «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі, Министрліктің Алғыс хатының иегері атанды. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құрмет грамотасы мен Естелік белгісін иеленген қызметкерлер сахна төрінде ұлығыланды. Компания басшысы «Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасы мен Алғыс хат иелеріне де марапаттарын табыстады.

Салтанатты жиын соңы Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрінің концертіне жалғасты. Қатысушылар назарына ұсынылған Soundtrack концерт көрермен көңілінен шығып, тамаша рухани демалыс сыйлады.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: