Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Ембілік поэзия сайысының жеңімпаздарына Мәскеудегі "Фариза" спектакліне жолдама беріледі. Бұл туралы "Ембімұнайгаз" АҚ-да өткен Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Поэзия кештері» сайысының қорытынды шарасында Компанияның Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова мәлімдеді.
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, "Қазақ поэзиясының падишасы" атанған Фариза Оңғарсынованы еске алу мақсатында ұйымдастырылған концертте ақынның өмір кезеңдерін бейнелейтін роликтер көрсетіліп, өлең шумақтарынан үзінділер оқылды. Ал ақын бейнесін сомдаған Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрының артисі Ғазиза Алипова мен облыстық байқаулардың жеңімпазы Мөлдір Мақсоттың және кішкентай бүлдіршін Кәусар Жоламанның өнеріне көрермендер ерекше тәнті болды деп хабарлайды "Ембімұнайгаз" АҚ қоғаммен байланыс қызметі.
"Бұған дейін өндірісте поэзия кештері өтіп, көптеген таланттарымыздың бар екендігіне көзіміз жетті. Қазан айының 31-і күні Мәскеу қаласындағы Ресейдің драма театрында Қазақстан Республикасы елшілігінің ықпалымен «Фариза» спектаклі сахналанбақ. Сайыс жеңімпаздарына аталған спектакльге жолдаманы сыйға тартқалы отырмыз", - деп қуантты жиналғандарды Рысты Тасмағамбетова.

Айта кетсек, бұған дейін Компанияға қарасты барлық өндірістік-құрылымдық бөлімшелер мен орталық басқару аппараты қызметкерлерінің арасында "Мұнайшы қыз" әйелдер клубының ұйымдастыруымен өткен поэзия сайысында топ жарғандар – Мәулен Мұхамбеталиев ("Қайнармұнайгаз" МГӨБ), Айнагүл Гумарова ("Ембімұнайэнерго" басқармасы), Жұмабек Геннадиев ("Жылыоймұнайгаз" МГӨБ), Жарқын Темеев ("Жайықмұнайгаз" МГӨБ) осы шарада да көрермендерге өнерлерін паш етті.
Шара барысында сайысқа қазылық еткен ақын қыздар – Гүлзада Ниетқалиева мен Сәулеш Шәтенова ембілік мұнайшыларға арнаған өлеңдерін оқыды. Поэзия кеші Фариза ақынның сөзіне жазылған «Жайықтың толқындары» әнін орындаумен қорытындыланды.




10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
175
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете