Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Ембімұнайгаз» компаниясы өзінің қызметінде мұнайшының алаңсыз еңбек етуіне қажеті барлық жағдайды жасап келеді. Ембі өндіріс алаңдары әлеуметтік нысандармен толықтай қамтылған, бүгінде оларды жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жүріп жатыр».
Бұл – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Жоламанов мұнай және газ өндіру бөлімшесінің слесарь-жөндеушісі Ақарыс Наутиевтің пікірі. Оның айтуынша, компанияның басты құндылықтарының бірі адам өмірі мен қауіпсіздігі. Осыған байланысты күн сайын жұмыс барысында техникалық қауіпсіздікті сақтап, қорғаныс киімдерін толықтай киіп жүруге баса көңіл бөлінеді.

Күн сайын жұмысқа кірісер алдында жұмысшылардың денсаулығын тексеруге Компания ерекше назар аударылады. Жұмысшы денсаулығы талапқа сай болғанда ғана өндіріс алаңына шығуға рұқсат алады. Коронавирус пандемиясы талаптарына сәйкес, Ембіде карантиндік шектеу шаралары қатаң қолға алынған.
«Асханамызда жұмысшыларға күнде жаңа тағамдар ұсынылып, ас мәзірі күн сайын жаңартылады. Ас мәзіріне сай тағамдарды дайындауда әр азық-түліктің дәрумендері, калориясы міндетті түрде ескеріледі. Тағам тізімінің түрлілігі, молдығы, ас дайындаудың жоғары сапалылығы, дәмділігі, сонымен қатар, аспазшылардың қызмет көрсету мәдениеттілігінің жоғары болуы – үнемі басты назарда», – дейді Ақарыс Наутиев.

Мұнайшылардың жұмыстан кейінгі демалыс уақыттарын тиімді өткізуін де компания назардан тыс қалдырған емес. Жатақханаларда оқу залы, тренажер залы, бильярд залы қызмет көрсетеді. Ойын алаңында да жаттығуға бар жағдайлар жасалған.
«Мен 100 жылға жуық тарихы бар «Ембімұнайгаз» АҚ-да еңбек ететінімді мақтан тұтамын», – дейді слесарь-жөндеуші.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
63
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
68
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы