Главная Новости ЕМГ қызметкері Қор челленджі туралы: Еңбекке ынтамыз артты
23 қараша 2022, 08:15 1715

ЕМГ қызметкері Қор челленджі туралы: Еңбекке ынтамыз артты

ЕМГ қызметкері Қор челленджі туралы: Еңбекке ынтамыз артты

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры компаниялар тобының 35 жасқа дейінгі жас мамандарына арналған өзін-өзі дамыту челленджін бастаған болатын. 10 күнге созылған челлендждің басты мақсаты – қордың компаниялар тобында белсенді және ынталы жастарды және болашақ әлеуетті көсбасшыларды анықтау.

«Ембімұнайгаз» АҚ-нан форумға жолдама алғандардың бірі келешектік даму және тәуекелдерді басқару департаментінің аналитигі Бибігүл Ерниязова шарадан алған әсерімен бөлісті:

– Челленджде физикалық, эмоционалды және зияткерлік бағыттар бойынша күніне 5 түрлі тапсырма берілді. «Самұрық-Қазына» қорында 84 мыңнан астам жас маман қызмет атқарады екен. Оның ішінде, 2000-ға жуық жас маман челленджге қатысып, ішінен 178-і барлық тапсырмаларды толық, соңына дейін орындап, әрі қарай Түркістан қаласында өтетін жастар форумына жолдама алдық.

Форумға шақырту алған 178 қатысушының 22- сі – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясына қарасты еншілес компаниялардың жас мамандары. Олардың қатарында менімен бірге ембілік «Доссормұнайгаз» МГӨБ өндірісті жедел басқару қызметінің 1-ші санатты инженер технологы Жақсыкелді Жолдасқалиев, ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу цехының инженер-технологы Ерлан Тасмағамбетов және ЕМГ басқару аппаратында қызмет ететін «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС-нің IT маманы Мақсот Әбуғалиев болды.

Форумның алғашқы күні «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов жастарды құттықтап, жастармен бірге түрлі сайыстарға қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті.

Келесі күні қатысушылар топтарға бөлініп, «Керуен сарайы» туристтік кешеніндегі этно-ауылға барып, қазақтың салт-дәстүрлерін ұлықтауға бағытталған арнайы танымдық квест ойындарына қатысты. Шара ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталғандықтан, «шаңырағымыз биік болсын» деген мақсатпен киіз үй тігіп, ұлттық тағамдар дайындаудан жарыс болды. Тарихи-танымдық сұрақтарға жауап беріп, «Асық ату», «Теңге ілу», «Арқан тарту», «Садақ ату» сияқты ұлттық ойындарды ойнап, өзара сайысқа түстік.

Форумның екінші кезеңінде Нобель сыйлығының лауреаты Джон Нэштың ақыл-ой теориялық ойыны ойналды. Ойынды жүргізген – ICF коуч, «SKY» «SpartoPro» тұлғалық даму орталығының тренері Айдар Басурманов. Екі күн қызыққа толы тұлғалық дамудан кейін стратегиялық сессия басталды. 4 сағаттық сессияның нәтижесінде «Jas Samuryq» жастарының логотипін, ұранын құрып, жас мамандарды біріктіретін құндылықтарды айқындап, ережелерді жасақтап, жастар саясатын дамыту бойынша стратегияны бекіттік.

Форумның үшінші күнінде «Самұрық-Қазына» АҚ қызметкерлері компанияның қазіргі жұмыстары бойынша қысқаша презентация жасап, өздерінің жетістікке жету жолымен бөлісті. Кеш соңында Қорға қарасты 12 компанияның жас мамандары өнер көрсетіп, концерттік бағдарламаға ұласты.

Форумның төртінші күні арнайы шақыртылған қонақ, ережесіз жекпе-жектен 3 дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаровпен 3 сағаттық тағылымдық кездесу өтті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: