Главная Новости Еңбек өтілі егемендікпен құрдас маман
31 желтоқсан 2021, 10:00 1277

Еңбек өтілі егемендікпен құрдас маман

Еңбек өтілі егемендікпен құрдас маман

Жылдың төрт мезгілінде де мігірсіз қызметпен көрінетін өндірісті ортаның өзіндік ерекшеліктерін кенорындарынан анық аңғаруға болады. Қыстың аязында, жаздың аптабында тынбай, өздерін өндірістегі осынау жұмыста шыңдай білген мұнайшылардың арасында бүгінгі кейіпкеріміздің бары еш шүбәсіз, деп хабарлады «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі.

Жұмабек Тілегенов «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасындағы мұнай дайындау және өткізу цехында компрессор қондырғыларының машинисі болып 1991 жылдан бері еңбек етіп келеді. 1970 жылы 18 қыркүйекте Маңғыстау ауданы, Таушық ауылындағы мұнайышылар отбасында дүниеге келген ол, әке жолын жалғаған білікті маман, тәжірибелі қызметкер. Мамандығының қыр-сырына бойлап, өз ісін ұршықша иіріп жүрген ағамыз Қаламқасқа алғашында оператор болып келген. 1988 жылы СПТУ-ды бітірісімен Бакуде әскери борышын өтейді. Отан алдындағы міндетін өтеп келген жас маман бала арманын жүзеге асырып, Қаламқаста алғаш еңбек жолын бастайды. Қазірде 5-разрядты меңгерген.

«Өндіріс қазанында бірге қайнаған үзеңгілестеріммен әріптес болғаныма еш өкінбеймін. Еңбегіміз өнімді, тұрмысымыз көңілді дегендей, ел қатарлы жүріп жатырмыз. Бригадамызда 60 адам бар, Бригадир Алтай Алсиқов, Өркенбай Әлібаев басшылығымен әркім өз міндетін тыңғылықты, ойдағыдай атқаруға күш салуда. Жабдықтардың ақаусыз, кідіріссіз жұмыс істеуі ортақ табысқа жол ашады», – дейді Жұмабек Тілегенов.

Байламы мықты, қимылы ширақ майталман маманның еңбек етіп жүргеніне биыл бақандай 30 жыл. Осы уақыт аралығында ағамызға бірде бір рет шағым болмапты. Өндірістік жауапкершілікке сақадай сай ол өз қызметінде ешбір ақаулыққа жол бермеген. Өзгелерге өнеге және үлгі болып келетін осындай еңбек адамының шаңырағында бес қыз, бір ұл желкілдеп өсіп келеді.

«Қай саланың болмасын өзіндік қиындықтарымен қатар артықшылықтары болады. Жер астындағы байлықты ел игілігіне жарату жолында үлес қосып жүргеніме іштей қуанамын. Бейбіт елде, татулық-бірлікте тірлік жасап, келер ұрпаққа үлгі-өнеге қалатын адал еңбек етсек деймін! Келер жыл жақсылығымен келсін, әріптестер», – деп, жаңажылдық ақжарма тілегімен аяқтады сөзін еңбек адамы.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: