Главная Новости Еңбекақы мен әлеуметтік саясат – басты міндет
10 шілде 2021, 11:00 886

Еңбекақы мен әлеуметтік саясат – басты міндет

Еңбекақы мен әлеуметтік саясат –  басты міндет

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ өкілдері Шымкентте магистральдық желі бөлімшесінің жол дистанциясы қызметкерлерімен кездесті. Әңгіме барысында жалақыны көбейту, экологиялық төлемдер, қосымша жұмыстарға ақы төлеу, зейнетке шығу мәселелері көтерілді.

Шаһарға республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен кейін Шымкент станциясы теміржол торабы қызметкерлерінің жалақысы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары деңгейіндегі тариф бойынша есептеледі. Соған сәйкес жұмыскерлерінің айлығы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 25% көбейді.

Аймақта осы мәселе бойынша компанияның жергілікті басшылығы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын лайықты деңгейде жүргізбеген. Сондықтан тәртіптік іс-шара қолданылатын болады.

Жалпы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлердің әл-ауқатын жақсартуға және жұмысшыларға  қолайлы жағдай жасауға әрдайым ерекше көңіл бөледі.

Компанияда  жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау мен еңбек заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге арналған  Ұжымдық келісім-шарт бар.  Құжат әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын, компания қызметкерлеріне жеңілдіктер мен кепілдіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Жыл сайын Ұжымдық келісім-шартта көрсетілген  міндеттемелерді орындау мақсатында жалақы көтеру  бойынша шаралар қабылданады.

«2020 жылдың желтоқсанында арнайы комиссия құрылып, оның құрамына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Кәсіподақ және жұмысшы ұжымдарының өкілдері кірді, – деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Ақмарал Байғабұлова. – Комиссия жұмысы шеңберінде желілік филиалдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру қағидалары өзгертіліп, олар 2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді. Бір разряд аясында ең төменгі төлем деңгейі алынып тасталды. Ең төменгі өңірлік коэффициенті бар тарифтік кестелер неғұрлым жоғары өңірлік коэффициентке өзгертілді».

Бұдан басқа, жол монтерлері мен бригадирлері үшін еңбекақысының (тарифтік мөлшерлеменің) 20% мөлшерінде еңбекке қатысуы коэффициенті  қолданыла отырып, ай сайынғы сыйлықақы енгізілді.

Сонымен қатар, 2021 жылғы қаңтарда 2020 жылдың қорытындысы бойынша компанияның барлық қызметкерлеріне 1 АЕК мөлшерінде жоспардан тыс біржолғы сыйлықақы төленді және қызметкерлердің лауазымдық ақыларын 10 пайызға индекстеу жүргізілді.

Далада жұмыс істеуге қатысты Ұжымдық келісім-шарттың талаптары толық көлемде орындалуда. Өте жоғары немесе төменгі ауа температурасында жалақы 15% көбейтіледі. Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар қызметкерлердің қызмет көрсететін учаскелер шегіндегі жұмысына үстемақы төленеді. Қызмет көрсетілетін учаскелерден тыс жерге шыққан кезде іссапар шығындары төленеді.

Қабылданған міндеттемелер аясында осы жылы қызметкерлерге жұмсалған төлем 14 млрд теңгеден асты.  Бұл Көлік қызметкерлері күніне және ҚР Тәуелсіздігі күніне жоспарланған төлемдерді есепке алмағандағы есеп-қисап.

Бұдан басқа, жұмыс істеп тұрған Ұжымдық келісім-шартқа сәйкес демалыс және мереке күндері жұмысқа шыққан кезде басқа күні демалыс беріледі не екі есе мөлшерінде ақы төленеді.

2020 жылдан бастап компанияда Ерте зейнетке шығу бағдарламасы жұмыс істейді. Ол бойынша зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 5 немесе одан аз жыл қалған қызметкерлер зейнетке ерте шығуға мүмкіндік алады. Ерте зейнетке шығу шарттары «ҚТЖ» ҰК» АҚ ішкі актілерімен айқындалған.

Компания өз қызметкерлерін материалдық ынталандыру және әлеуметтік қорғау жұмыстарын жалғастыруда.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: