Главная Новости Еңбексүйгіштік те әкеден балаға мирас
24 маусым 2021, 14:31 1648

Еңбексүйгіштік те әкеден балаға мирас

Еңбексүйгіштік те әкеден балаға мирас

«Қаражанбасмұнай» АҚ-да тұтас әулет болып бір терінің пұшпағын илеп жүрген жұмысшылар ұрпақтар сабақтастығын сақтап келеді. Олар ел экономикасының күретамыры – мұнай-газ саласында еңбек етіп, қара алтын игеруге елеулі үлес қосқан майталмандар. Солардың жарқын үлгісі – Әминовтер әулеті.

Шапағат Әмин Қаражанбасқа өмірінің 30 жылдан астам уақытын арнаған маман. Ел экономикасының нығаюы жолында күш-жігерін аямаған жұмысшы алғашқы еңбек жолын бұрғылау және ұңғымаларды жер асты күрделі жөндеу бөлімінде бұрғышы көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары бұрғышы, оператор, шебер қызметін атқарған ол, қазір ұңғымаларды ғылыми-зерттеу өндірістік жұмыстары цехінің басшысы. Білікті маманның балалары да әкесінің асқан шеберлігімен, жұмысқа жауаптылығын үлгі тұтады. Шапағат та өз кезегінде еңбексүйгіштік – басты байлық екенін перзенттерінің санасына құйып келеді.

 

«Қаражанбас мен үшін өте ыстық. Себебі, компанияның жыл сайын жаңа технологияны игеріп, жанданып келе жатқанына куәгермін. Жас маман болып келгеннен бері қанатымыз қатайып, әріптестермен бір отбасы мүшелеріндей болып кеттік. Ұлым да жолымды жалғап, мұнайшы болғанына қуанамын. Біз үнемі біліктілігімізді арттырып, шыңдалып отырамыз. Бүгінде мықты мамандар тізімінен табылып жатсақ, қанатымызды қатайтқан Қаражанбас деп мақтанышпен айта аламын», – дейді Шапағат Әмин.

Кейіпкеріміздің жалғыз ұлы Әлібек бала күнінен басқалар сияқты ғарышкер немесе кеме капитаны болуды армандаған жоқ. Оның мақсаты – әкесі сияқты үлгілі мұнайшы болу еді. Алдыңғы буын ағалары мен әкесіне қарап бой тіктеген ол, өмірінің осы бағытқа бұрылатынын анық білді. Әлібектің кен орнына қадам басқанына да он жылға жуықтады. Қазір ол №2 Мұнай өндіру цехінің операторы болып жұмыс істейді.

«Әкемді, ағаларымды вахтаға шығарып салып, келгенде қуанышпен қарсы алатын сәт көз алдымда. Қазір осындай сезімді өзім де бастан кешіп жүрмін. Жұмыстан келген сайын балаларымның мені мақтан тұтатынын байқаймын. Кеудемді ерекше қуаныш сезімі кернейді. Менің үлгілі маман болуыма алдыңғы буын ағаларым мен әкемнің үлесі зор деп білемін. «Батыр болсаң – еліңе пайдаң тисін» демекші, біз тек қана мұнай саласында жұмыс істеп қана қоймай, ел экономикасының қарыштап дамуы жолында қызмет етіп жүрміз», – дейді Әлібек.

Тәрбие мен рухани құндылықтан бөлек, мамандық пен ата кәсіп те бабадан балаға мирас болады. Оны абыроймен арқалап жүру ұрпақ үшін ұлы мұраттың бірі. Жер қойнауынан қара алтын игеруге әулет болып жұмыла кіріскен Әминовтер «біз бағындыратын асу әлі алда» дейді.

(«Қаражанбасмұнай» АҚ facebook парақшасынан)

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: