Главная Новости Энергетик студенттер жылу-электр орталығындағы тәжірибе туралы әңгімеледі
16 қыркүйек 2022, 12:04 1641

Энергетик студенттер жылу-электр орталығындағы тәжірибе туралы әңгімеледі

Энергетик студенттер жылу-электр орталығындағы тәжірибе туралы әңгімеледі

«Тәжірибе қиын болғанымен, біз сапалы білім алдық». Бірлік Оразбаев атындағы 1-ЖЭО-нда тәжірибеден өткен Ғұмарбек Дәукеев атындағы  АЭжБУ студенттері осылай дейді.

Жаздың бір айы  бойы  «Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ» КЕАҚ Жылу энергетикасы және басқару жүйелері институтының 29 студенті  «АлЭС» АҚ Бірлік Оразбаев атындағы 1-ЖЭО  және  Қызметкерлерді  даярлау бөлімінің базасында өндірістік тәжірибеден өтті. Дуальды оқыту элементтерін қамтыған практика  қазандық жабдығы бойынша машинист-қараушы, турбина жабдығы бойынша машинист-қараушы  жұмысшы  мамандықтары бойынша жүргізілді.

«Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ» КЕАҚ-пен бізді бұрыннан келе жатқан ынтымақтастық байланыстырады. Біздің компания осымен төртінші жыл қатарынан оқу орнымен дуальды жүйе бойынша ынтымақтастық орнатып келеді. Бұл жылу энергетикасы мамандығы бойынша неміс дуальды білім беру жүйесі бойынша мамандар даярлауды белсенді түрде енгізген алғашқы жоғары оқу орындарының бірі», – деді Қызметкерлерді даярлау бөлімінің бастығы Жанар Сабикенова.

Соңғы жылдары дуальды оқыту тәсілінің танымалдығы артып келеді. Дуальды оқытудың ерекшелігі – түлектің сапалы және табысты жұмыс істеуі үшін барлық қажетті құзыреттерге ие болуын қамту. «Дуальды студенттер» ЖОО-да оқу барысында теориялық білім алып қана қоймай, практикалық тәжірибе жинақтайды. Содан кейін жұмысқа келіп, жұмыс орындарына тезірек бейімделеді.

«Біз екі апта бойы 1-ЖЭО қазандық цехында практикалық оқудан өттік, содан кейін Қызметкерлерді даярлау бөлімінде теориялық білім алдық. Тәжірибе өте қызықты өтті.  Альберт Эйнштейннің «Теория — бәрі белгілі, бірақ ештеңе жұмыс істемейді.  Тәжірибе – бұл бәрі жұмыс істейді,  бірақ оның себебін ешкім білмейді» деген сөздерін енді түсіне бастадым. Біз теория мен практиканы біріктіреміз, – деді қазандық жабдығы бойынша машинист-қараушы мамандығының 3 курс студенті Ернар Сисенғалиев. – Энергия барлығына және барлық жерде қажет. Менің мақсатым – энергетиканы дамыта отырып, Қазақстанның дамуына өз үлесімді қосу. «АлЭС» АҚ ұжымына студенттерге деген жылы және ықыласты қарым-қатынасы үшін үлкен алғысымды білдіремін».

3 курс студенті Александр Бороздин станцияда алғаш рет болды.

«Маған бұл жерде өте қызықты. Теория бір бөлек, тәжірибе мүлдем басқа. Мен өзім үшін көп нәрсені білдім, көрдім. Біз барлық жабдықтармен таныстық. Бір орында отырмадық, станцияны үнемі аралап жүрдік, қарадық, зерттедік, бәрін ұсақ-түйекке дейін талдадық», – дейді ол.

«Бірінші апта таныстыру болды, – деп жалғастырды Александрдың курстасы Алина Байсал. – Ал екінші аптада   бізден білім талап етілді. Біз игерген біліміміздің бәрін бекіттік. Тәжірибе қиын болды, бірақ біз сапалы және қажетті білім алдық».

Аслан Сәбитов станцияда практикалық тәжірибе алған дұрыс деп санайды. Куратор студенттермен  үнемі бірге болып, барлық сұрақтарға жауап берді. Станция қызметкерлерімен сөйлесуге, жаңа білім алуға үлкен мүмкіндігіміз болды.

Тәжірибеден өткеннен кейін студенттер біліктілік емтихандарын тапсырды. Емтихан комиссиясының құрамына «АлЭС» АҚ инженерлік-техникалық қызметкерлері және университет оқытушылары болды. Емтиханды сәтті тапсырған студенттер мемлекеттік үлгідегі жұмысшы мамандығына куәлік алды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: