Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Атырау мұнай өңдеу зауытын 24 сәуірде іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды SKnews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Биылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша 3 млн тоннадан астам мұнай өнімдері өндірілді, бұл көрсеткіш есепті жылдың қаңтар-наурыз айларының жоспарына 96,4 пайызды құрады. Автобензин бойынша көрсеткіш 1,1 млн тоннаға жетті, яғни жоспар 94,5 пайызға орындалды. Өндірілген дизель отынының көлемі 1 млн тонна, бұл есепті айлардың жоспарына 89,7 пайызды құрады», – деді министр.
Оның айтуынша, ағымдағы жылғы 9 сәуірдегі жағдай бойынша мұнай өнімдері қорының деңгейі жеткілікті, яғни 25 күнге жететін бензин, 27 күнге жететін дизель отынының қоры бар.
«Аталған көрсеткіштердің төмендеу себептері ағымдағы жылдың қаңтар айында Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясын жеткізуде пайда болған іркіліске байланысты. Бұл технологиялық қондырғылардың (каталитикалық крекинг және онымен байланысты қондырғылар, каталитикалық риформинг, бензин мен дизельді гидротазалау, күкірт өндіру қондырғыларының) авариялық тоқтауына әкелді, соның салдарынан жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындады», – деді Нұрлан Ноғаев.
Осы орайда алғашқы жоспар бойынша жөндеу жұмыстарын 4 сәуірде аяқтап, зауытты толық қуатына шығару 10 сәуірге жоспарланған болатын. Ақауларды анықтау барысында қосымша жөндеу шараларын қабылдау қажет екені анықталды. Аталғандарды ескере отырып, Атырау мұнай өңдеу зауытын 24 сәуірде іске қосу жоспарланып отыр.
«Атырау мұнай өңдеу зауытының қондырғыларын жөндеу барысында елімізде мұнай өнімдерінің тапшылығын болдырмау мақсатында Энергетика министрлігі «ҚазМұнайГаз» ҰҚ-мен бірлесіп, Шымкент мұнай өңдеу зауытында 25 наурыз – 10 мамыр арасында жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстарының мерзімдерін 1 мамыр-10 маусымға ауыстыру туралы шешім қабылдады», – деді министр.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
53
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы