Главная Новости Энергетика министрі Қаражанбастағы су тұщыту зауытының құрылысымен танысты
29 желтоқсан 2020, 08:02 1105

Энергетика министрі Қаражанбастағы су тұщыту зауытының құрылысымен танысты

Энергетика министрі Қаражанбастағы су тұщыту зауытының құрылысымен танысты

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Қаражанбас кен орнында болды. Министр мен өңір басшысы Серікбай Тұрымов бастаған делегация құрамы бірқатар өндірістік нысандардың жұмыс барысымен танысты.

Министр жер қойнауын пайдаланушылардың басты міндеті – жер қойнауына ұқыпты қарау қажет екенін атап өтті.

«Біз әрқашан инвестиция тартудың, жаңа жұмыс орындарының ашылуын қолдаймыз, бірақ жер қойнауын игеру «менен кейін не болса, ол болсын» қағидаты бойынша емес, ұтымды жолмен жүргізілуі тиіс. Жер қойнауы Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады және кез келген адам оған ұқыпты қарауы тиіс», – деді Нұрлан Ноғаев.

«Қаражанбасмұнай» АҚ Басқармасы делегацияны қабат суын тұщыту зауытының құрылыс барысымен таныстырды. Жаңа зауыт өңірдегі тұщы су тапшылығын жою бойынша маңызды жобалардың бірі болып табылады.

Зауыт қабат суын өңдеп және тұщытып, бу айдау әдісімен кен орны қабаттарының мұнай беруін арттыру үшін техникалық су ретінде пайдаланылатын болады. Қазіргі уақытта Қаражанбас күн сайын Астрахань-Маңғыстау су құбыры арқылы келетін 20 мың текше метр Еділ суын тұтынады. Су тұщыту зауытын іске қосу ҚБМ-ның сумен қамтамасыз ету мәселелерінде өз-өзіне жеткілікті болуына және Маңғыстау облысы халқының қажеттілігі үшін айтарлықтай су көлемін босатуға мүмкіндік береді.

Зауыт құрылысы 2019 жылдың қыркүйегінде басталды. Қуаты – көп сатылы сүзгілеу және кері осмос технологиясын қолданумен тәулігіне 17 000 м3 құрайтын болады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Нысан 2021 жылдың бірінші тоқсанында падалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Нұрлан Ноғаев бұл нысанның компания үшін ғана емес, жалпы өңір үшін де маңыздылығын атап өтті.

«Құрылыста отандық жабдық пен материалдарды пайдалану қажет. Су тұщыту зауыты және басқа да жаңа технологияларды енгізу компанияның тұрақты дамуына ықпал ететініне сенімдімін», – деп атап өтті Энергетика министрі.

Сондай-ақ, делегация бу генераторлық қондырғылары алаңына барды. Қаражанбас мұнайы тұтқырлығы мен тығыздығының жоғарылығымен ерекшеленетіні белгілі. Осыған байланысты оны алу үшін ылғал қаныққан буды өнімді қабатқа айдау түрінде бу-жылу әдісі қолданылады. Температураның жоғарылауымен мұнайдың тұтқырлығы мен тығыздығы төмендейді, бұл оның едәуір бөлігін жоғары шығаруға мүмкіндік береді. Өндірісті жаңғырту аясында биылғы жылы арнайы ҚБМ үшін әзірленген СПГУ-23 үлгісіндегі алты жаңа заманауи бу генераторы іске қосылды. Әрқайсысының өнімділігі тәулігіне температурасы 250-300 °с болатын 550 тонна буды құрайды.

Айта кету керек, компания алғаш рет отандық өнімді қолдау аясында «ЭкоЭкспресс Ақтөбе» ЖШС-мен Ақтау қаласында өндірісті ұйымдастырумен МПГУ-23 тн/сағ мобильді бу генераторларының 2 бірлігін жеткізуге шарт жасасты. Бу генераторлары сәтті іске қосылды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша министр іске асырылып жатқан жобаларға, халықаралық қауіпсіздік стандарттарын енгізуге, технологиялық үдерісті жаңғыртуға, сондай-ақ жұмысшылардың тұрмыстық және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: