Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі: энергетика саласы бойынша мамандарды даярлауға арналған білім беру гранттары конкурсына өтініш қабылдау басталды
2025 жылғы 13 шілдеден бастап Қазақстан Республикасында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға арналған білім беру гранттары конкурсына өтініштер қабылдау басталды. Еліміздің энергетика саласының белсенді дамуына және заманауи технологияларды қолданатын жаңа энергия өндіруші нысандардың пайда болуына байланысты жаңа буынның білікті мамандарына сұраныс артуда. Әсіресе электр желілерін, газ турбиналарын, бу-газ қондырғыларын және атом электр станцияларын жобалау, құрастыру және пайдалануға беру салаларында мамандар қажет.
2025/2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасы аясында энергетика саласында сұранысқа ие техникалық бағыттар бойынша келесі гранттар бөлінді:
«В062 – Электротехника және энергетика» бағыты бойынша – 1000 грант,
«В162 – Жылуэнергетика» бағыты бойынша – 500 грант (толық және қысқартылған оқу түрлерін қоса алғанда).
Энергетика саласын кадрлармен қамтамасыз ету жетекші салалық жоғары оқу орындары және өндірістік компаниялармен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады. Мұндай модель түлектердің еңбек нарығы талаптарына тез бейімделуіне және нақты энергетика нысандарына жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.
Энергетик мамандығын насихаттау және оның тартымдылығын арттыру мақсатында «Алматинские электрические станции» АҚ жыл сайын болашақ мамандарға қолдау көрсетеді. Биыл компания Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде оқуға қосымша 10 білім беру грантын ұсынады.
Энергетика министрлігі мамандық таңдау алдында тұрған жастарды энергетика саласындағы сұранысқа ие және болашағы зор бағыттарға назар аударуға шақырады.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
97
05 декабря 17:59
QID қауымдастығы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі Дамир Суентаевты марапаттады
102
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона