Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Атом станциясынан бөлек, Екібастұз энергия торабында көмір генерациясының жаңа нысандарын салу жоспарда бар.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Энергетика саласында жалпы сомасы 3 трлн теңгеден асатын 14 жобаны іске асыруға ниетті.
«Бүгінде қор алты басым жобаны іске асыруды бастады. Бұдан басқа, қор жалпы сомасы 3 трлн теңгеден асатын 14 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. АЭС құрылысының ұзақ мерзімін ескере отырып, Екібастұз энергия торабында көмір генерациясының жаңа нысандарын салу қажет болады. Жаңа МАЭС салу мәселесі қаралуда», – деді қордың Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында.