Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Мұнай өндіру – қызығынан қиындығы басым, жауапты да маңызды сала. Әсіресе Қаражанбас қойнауындағы құрамы қою қара алтынды игеру терең білім мен мол тәжірибені тең талап етеді.
Тоқсаныншы жылдардың басы кен орнында алғашқы цехтардың жұмысы жаңаша қарқын ала бастаған кезең. Бу өндіру цехының аға механигі Исатай Көбестің еңбек дастаны да осы уақытпен тұспа-тұс келеді. Ол алғашқы вахтаға көлік басқармасының диспетчері болып аттанды. Араға бірнеше жыл салып қызмет арнасын бу өндіру цехына бұрды.
Жөндеуші-слесарь соңғы 30 жылдан бері бу генераторларының ақауын айтқызбай тауып, істен шыққандарын қатарға қайта қосуға жауапты. Жылдар өте келе ол механик, аға механик лауазымдарына ауысып, ұжыммен бірге Қаражанбастың маңызды цехының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп жүр.
«Мен үшін тапсырманы жылдам әрі сапалы орындау аса маңызды. Бұл алдыңғы буын мұнайшылар қалыптастырған ең жақсы қасиетім деп білемін. Өзім де жылдар бойы жиғанымды жастармен бөлсуге тырысамын. Еңбек етіп, елге пайда тигізу әр адамның парызы. Мен қызметі Қаражанбас секілді тарихы мен қойнауы бай кен орнымен байланысты болған бақытты мұнайшымын», – дейді ардагер.

Ғұмырының тең жартысы кен орнында өтіп жатқан кейіпкеріміздің сүйікті жұмысы – өмір салтына, ұйымшыл ұжымы екінші отбасына айналды. Сондықтан құрметті демалыс алдында Исатай ағаның көңілінде қимастық басым. Ұжымдастары аға механиктің салаға сіңірген еңбегіне, жастарға оң бағыт берген тәлімгерлігіне, айтқан ақылы мен өнегелі өсиеттеріне алғыс білдіріп, құрмет көрсетті. Осылайша тағы бір еңбек адамы өмір кітабының Қаражанбастағы алтын тарауын мазмұнды түйіндеді.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
137
08 декабря 15:39
Сотрудник АлЭС выиграл квартиру в финале проекта «Ең мықты»