Главная Новости Ерекше балаларға – ерекше қамқорлық
23 қараша 2020, 07:23 1068

Ерекше балаларға – ерекше қамқорлық

Ерекше балаларға – ерекше қамқорлық

«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен Көкшетауда Әлеуметтік бейімдеу орталығы «ерекше» балаларды оңалтуды жүргізуде.

«Менің атым Әлия Рақымбекова. Мен ең қарапайым әйелмін, асыл жар, баларымның анасы және біреудің қызымын. Менің үш балам бар. Өмірім басқалардікі сияқты көрінеді, бірақ дейтіндей бір нәрсе бар. Менің екінші ұлым Әбілмансұр – ерекше бала», – деп жас әйел әңгімесін бастады.

Әлия оның ерекшеліктерін байқамай тұрып, физикалық тұрғыдан сау және қалыпты дамып келе жатқан бала кенеттен ерекше балаға айналады деп күдіктенбеді.

«Екі жарым жасында ұлыма аутистикалық белгілері бар психо-сөйлеу дамуының тежеуі диагнозын қойды. Осылайша өмірім «бұрын және кейін» деп екіге бөлінді. Біздің Көкшетау қаласында мұндай диагнозы бар балалар туралы көп білмейтін және оларға аз жағдай қарастылыған десе де болады. Біз, көптеген басқа ата-аналар сияқты, бәрін интернеттен оқыдық. Өз қаламызда 4 жасқа дейін түзетуден өттік, бірақ нәтиже болмады», – дейді Әлия.

Әбілмансұр 4 жасқа толғанда анасымен бірге ұлттық оңалту орталығында болды. Мұнда олар алғаш рет АВА-терапиядан және оңалтудың кешенді тәсілінен өтті, ал ұлы алғашқы оң нәтижелерін көрсете бастады. Оңалту бір айға созылды, содан кейін олар үйлеріне оралды. Осылайша қайтадан тыныштық орнады. Бір айлық оңалту – теңіздегі тамшы іспеттес. Келесі квотаны бір жыл күту керек болды.

«Осыны түсініп, мен баламның алтын уақыты өтіп бара жатқанын көре тұра, қол қусырып отыра алмадым. Әрекет етуді шештім. Мен өз балалары үшін күрескім келген белсенді аналарды тауып, бәріміз бірге Көкшетау қаласында «Ерекше өмір» Мүгедек балаларды қолдаудың ақпараттық үйлестіру ресурстық орталығы» Қоғамдық қоры мен «Ерекше өмір» алғашқы әлеуметтік бейімдеу және педагогикалық түзету орталығының қалыптасуының ұзақ және тар жолдарын бастадық», – дейді Әлия.

Бастапқы капитал болмаса, өз ісін ашу белсенділер ойлағаннан әлдеқайда қиын болды. Үнемі қымбат бағада біліктілікті арттыру және қайта даярлау көп уақыт пен күш жұмсады. Бұған орынды жалға алуды, персоналды жалдауды, жабдықты сатып алуды қосыңыз – мұның бәрі еңсерілмейтін кедергі болып көрінді. Бірақ, «көз – қорқақ, қол – батыр» деген рас екен. Өз балалары мен ата-аналары сеніп тапсырған балалар алдындағы жауапкершілік пен жақсылыққа сену керемет, дәл осы дүние ғажайыпқа алып келеді.

«Тамаша күндердің бірінде біз «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының» «Әрекет» жобасы аясында гранттар байқауы туралы біліп, ойланбастан өтінім бердік. Қатысушылар көп болды, идеялар көп болды. Бірақ біз міндеттеріміздің маңызды екенін және игілікке қызмет ететінін және алға қойған мақсаттарымыздан ауытқымайтынын білдік. Осылайша біз елордаға жобаны қорғауға келдік, онда керемет оқыту, ұйымдастыру және қолдау болды. Біз жобамыздың маңыздылыған толық көрсету қолымыздан келеді ме деп өте қатты уайымдадық, түндерде ұйықтамай презентация жасадық. Осының барлығы өз жемісін берді, біз 3 миллион теңге көлемінде грантқа ие болдық», – дейді Әлия.

Одан кейін команда жобаны жүзеге асыруға кірісті. Көкшетауда теңдесі жоқ сенсорлық-динамикалық залға арналған жабдық «Tomatis» talksup аспабы сатып алынды, оқыту ұйымдастырылып, жаңа әдістеме бойынша жұмыс істеуге лицензия алынды, ондайды бұрын біз тек армандай алатынбыз.

«Ерекше өмір» орталығы екі жылдан бері жұмыс істеп келеді, оған отызға жуық бала келеді. Осы уақыт ішінде орталықта жүзге жуық бала түзетуден өтті. Дамуында ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған екі жүзге жуық отбасы кеңес алды.

Ең бастысы, Көкшетаудың «ерекше» балалары Әбілмансұр сияқты үлкен кезектерді күтпей-ақ тұрақты негізде оңалтуды ала алады.

Қазіргі уақытта орталық мамандары қызығушылық тудыратын және аутизмі бар, психо-сөйлеу және сөйлеу дамуының кідірісі бар балаларды, ақыл-ойы бұзылған және назар тапшылығы синдромы бар және гиперактивтілігі бар балаларды түзетуде оң нәтижелер беретін жаңа әдістемелер бойынша табысты жұмыс істеуде. 2019 жылы «Ерекше өмір» қоры «Осал топтарды қолдау саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік үлгісі номинациясы бойынша Қазақстандағы «Ozgeris ustasy» беделді сыйлығына ие болды.

«Жұмыс істей отырып, біз қаламызда және облыста жаһандық және әлеуметтік проблеманы кәсіпкерлік тәсіл арқылы шешеміз. Біздің орталық балаларды ақылы негізде қабылдайды, бірақ ерекше балалардың ата-аналары төлей алатындай әлеуметтік бағамен. Барлық табыс тегін орындар резервіне жұмсалады: егер отбасында екі ерекше бала болса, онда біз бір балаға тегін қызмет көрсетеміз. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасылардың балалары тегін түзетуден өтеді», - дейді кейіпкеріміз.

Сонымен қатар, Орталық жұмыссыздар үшін жұмыс орындарын құрып, ата-аналар мен жас педагогтар үшін оқыту жүргізеді.

«Біз әлі жолдың басында тұрмыз, бірақ қазірдің өзінде жол дұрыс және оң нәтиже беруде деп айтуға болады. Ең бастысы сенің артыңда жұмыс істеуге және ортақ іске өз үлесін қосуға дайын мықты команда бар. Мен қандай жағдайда болмасын, ең бастысы әрқашан мәселенің шешімі екенін және бас тартпауды, терең тыныс алуды және алға қойылған мақсатқа жетуді білу маңызды екенін қоса кеткім келеді. Сонымен қатар, «Samruk-Kazyna Trust» сияқты қорлар да бар, олар қолдау көрсетеді. Біздің әрқайсымыз жақсарып, пайдалы және жақсы дүние жасасақ ғана әлем жақсаратынын түсіну керек», – дейді Әлия.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: