Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Тауарға ілеспе құжаттарда мәлімделмеген бензиннің 34 тоннасын елімізден Қырғыз Республикасына әкету әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
4 маусымда «Айша-бибі» автомобиль өткізу пункті арқылы Қазақстан-Қырғызстан шекарасын кесіп өткен кезде АИ-92 маркалы бензинді еріткіш түрінде тасымалдаған жүк автокөлік құралы ұсталды.
Әкету фактісінің жолын кесу бойынша іс-шараларды Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп жүргізді.
Алдын ала деректер бойынша, тасымалданатын бензиннің жалпы құны шамамен 6 млн теңгені құрайды. Бұл ретте, тасымалданатын жүкті жасыру мақсатында жөнелтуші 2,1 млн теңге сомасына еріткішті тасымалдауға арналған тауарға ілеспе құжаттарды ресімдеді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық кеден зертханасы жүргізген физика-химиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша еріткіш түріндегі АИ-92 маркалы бензинді тасымалдау фактісі расталды.
Қазақстан Республикасының «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілер мен мұнай берушілер ғана мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге өткізу құқығына ие екенін атап өту қажет.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!