Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Акционерлерінің бүгінгі кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындысы бойынша Ернат Бердіғұлов ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Ернат Бердіғұлов 2010 жылы Торонто университетінде (Канада) «Мемлекеттік саясат және халықаралық зерттеулер» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін, 2018 жылы Уорвик университетінде (Ұлыбритания) «Іскерлік басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды және қазіргі уақытта Гарвард көшбасшылықты дамыту институтында (АҚШ) білім алуда.

Осыған дейін Whiteshield Partners компаниясында жобалар жетекшісі, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ-да стратегия, тұрақты даму және цифрландыру жөніндегі бірлескен басқарушы директор ретінде қызмет етті. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ-ның стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарады.
ҚМГ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы, тәуелсіз директор Кристофер Уолтон ҚМГ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес, 9 жылдан астам уақыт тәуелсіз директор ретінде ұлттық компанияның Директорлар кеңесінің құрамында болғандықтан кеңес құрамынан шықты.
«ҚМГ Директорлар кеңесінің төрағасы болғаныма, үш бірдей тамаша басқарма төрағасымен және мықты менеджмент тобымен жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Жетістіктерімізді, атап айтқанда, басқару, қауіпсіздік және қаржылық тұрақтылықтың жақсарғанын мақтан етемін. Мен кез-келген сынаққа төтеп беретін, іргетасы берік компанияны қалдырып барам», - деп атап өтті Крис Уолтон.
«Крис Директорлар кеңесіне төрағалық еткен 6 жыл ішінде компанияның дамуына елеулі үлес қосты. Ол дұрыс тәсілдер мен құныдылықты басшылыққа алды. Алғыс айтып, алдағы жұмысына сәттілік тілеп шығарып саламыз», - деді ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.
ҚМГ Директорлар кеңесінің мүшелері Е.М. Отыншиев, Ұ.С. Қарабалин, М.М. Мырзағалиев, А.С. Жұбаев, А.Ә. Арғынғазин, Ф.М. Холланд қайта сайланды. Сондай-ақ, АКЖЖ нәтижесі бойынша ҚМГ ДК құрамына Мыңшарипова Сая Найманбайқызы тәуелсіз директор болып сайланды.
Осылайша, ҚМГ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы келесідей:
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
66
10 декабря 11:56
Білікті маман Дастан Жүнісұлының еңбек жолы