Главная Новости Эйр Астана сегізінші IOSA аудитінен сәтті өтті
12 сәуір 2022, 10:52 1458

Эйр Астана сегізінші IOSA аудитінен сәтті өтті

Эйр Астана сегізінші IOSA аудитінен сәтті өтті

Air Astana әуе компаниясы IATA Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының IOSA (IATA Operational Safety Audit) пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі сегізінші аудитінен табысты өтті.

Әуе компаниясы алғаш рет 2007 жылы аудиттен өтті және әрбір екі жыл сайын қауіпсіздік стандарттарына бейілділігін сәтті растап келеді.

IOSA пайдалану қауіпсіздігі аудиті – әуе компанияларында өндірісті бақылау және басқару жүйелерін бағалау үшін әзірленген халықаралық тексеру жүйесі.

IOSA бағдарламасы Халықаралық азаматтық авиация туралы БҰҰ Конвенциясына қосымшалардан ICAOның қажетті қауіпсіздік талаптарын қабылдайды және орындайды.

2021 жылғы аудит барысында компания қызметінің барлық салаларындағы құжаттама және мыңға жуық IOSA стандарттарының орындалуы расталды.

Оларға ұйымдастыру мен басқарудың корпоративтік жүйелері, ұшу сапарларын орындау, ұшу сапарларын басқару және диспетчерлік қызмет, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, борттағы қызмет көрсету, әуе кемелеріне жерде қызмет көрсету, жүктермен орындалатын операциялар және авиациялық қауіпсіздік жатады. Келесі аудит 2023 жылға жоспарланған.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: