Главная Новости Fitch Ratings «Самұрық-Энерго» рейтингіне болжамын жоғарылатты
10 сәуір 2021, 09:36 736

Fitch Ratings «Самұрық-Энерго» рейтингіне болжамын жоғарылатты

Fitch Ratings «Самұрық-Энерго» рейтингіне болжамын жоғарылатты

Fitch Ratings агенттігі Самұрық-Энерго рейтингі бойынша болжамын қайта қарап, «Тұрақтыдан» «Жағымдыға» көтерді, сондай-ақ Самұрық-Энергоның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін «ВВ» деңгейінде растады.

Болжамның жоғарылауы Самұрық-Энергоның кредиттік қабілеттілігін бағалау деңгейінің  кредиттік қабілеттілік көрсеткіштерінің неғұрлым күшті болуымен, электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифтердің Компанияның валюталық тәуекелдерінің ұлғаю және азаюына қарай қайта қаралуымен байланысты негізде жақсаратынын көрсетеді.

Агенттік Топтың валюталық тәуекелдерінің төмендеуін шетел валютасында көрсетілген жалпы борыштың едәуір азаюынан, яғни 2016 жылдың аяғындағы 60%-бен салыстырғанда 2020 жылдың соңына қарай шамамен 2%-ға дейін төмендеуінен кейін оң бағалап отыр.

Болжамның жоғарылауы мен расталған рейтингтер Агенттіктің Топтың Шардара СЭС, Мойнақ СЭС және Алматы электр станцияларындағы жаңа энергия блоктарына белгіленген жекелеген қуат тарифтеріне рұқсат алуына қатысты пікірін қамтиды. Агенттіктің болжамдары Компанияның 2020 жылғы қызмет нәтижелеріне Covid-19 пандемиясының шектеулі әсерін де ескеріп отыр.

Агенттік Компания түсімі мен EBITDA көрсеткіштерінің айтарлықтай өсуіне қоса борыштың едәуір қысқаруын және соның салдарынан операциялық қызметтен түскен ақша қаражаты бойынша жалпы леверидж көрсеткішінің жақсаруын оң бағалап отыр.

Бұдан басқа, Компанияның кредиттік қоржынының құрамында халықаралық қаржы институттары үлесінің 45%ғға дейін ұлғаюы байқалды, бұл борыштық қоржын сапасының жоғары екендігін көрсетеді және Топтың қаржылық көрсеткіштерін бағалауға елеулі әсер етеді. Бұл ретте Компания алдағы уақытта халықаралық кредиторлармен тығыз ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Агенттік Самұрық-Энерго өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін толық жабуы үшін өтімділіктің және ақша қаражатының жеткілікті деңгейіне ие екенін атап өтті.

Компанияның 100 пайызы мемлекет меншігінде. Елімізде электр энергиясын өндірудің 30%-ға жуығы және жалпы көмір өндірісінің 40%-ға жуығы Самұрық-Энерго үлесіне тиесілі.

Самұрық-Энергоның басшылығы Fitch Ratings Агенттігінің рейтінг бойынша болжамды жоғарылатуын Компанияның COVID-2019 індетінің әсеріне қарамай, қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін жақсарту және қаржылық орнықтылығын нығайту жөнінде тиімді саясат жүргізіп отырғанын дәлелдейді, деп атап өтті.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: