Главная Новости FlyArystan Ақтаудан Бакуға рейстер санын аптасына үш ретке дейін арттырды
16 шілде 2024, 09:35 370

FlyArystan Ақтаудан Бакуға рейстер санын аптасына үш ретке дейін арттырды

FlyArystan Ақтаудан Бакуға рейстер санын аптасына үш ретке дейін арттырды

FlyArystan қазақстандық лоукостері жазғы маусымда халықаралық бағыттар бойынша жиіліктерді қосуды жалғастыруда және Ақтаудан Бакуға рейстердің жаңа кестесі туралы хабарлайды. Шілде айында әуекомпания Әзірбайжан астанасына рейстер санын аптасына үш ретке дейін арттырды.

Сәрсенбі және жексенбі күнгі рейстерден басқа, 16 шілде мен 30 тамыз аралығында Ақтау – Баку қосымша жазғы рейсі жұма күндері де орындалатын болады.

Осы ретте әуекомпания бұған дейін Астана – Баку бағытында рейстерді қайта бастағанын еске саламыз. Рейс маусымнан бастап аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады.

Рейстерге билеттер 2024 жылдың 23 қазанына дейін сатылымда. Жолаушылар әуе билеттерін FlyArystan мобильді қосымшасы немесе www.flyarystan.com сайтынан сатып ала алады. 60%-ға дейін үнемдеу үшін әуе тасымалдаушысы саяхатты ертерек жоспарлауды және билеттер мен қосымша қызметтерді алдын ала сатып алуды ұсынады. Сонымен қатар, 2024 жылдың 25 маусымы мен 24 қазаны аралығында халықаралық рейстерде салмағы 20 кг-нан 60 кг-ға дейін ұлғайтылған жолжүк бағасына жеңілдіктер жүруде.

Естеріңізге сала кетейік, осы айда лоукостер Ақтаудан Ыстамбұлға рейстер санын екі есеге арттырды. Бейсенбі және сенбі күндері аптасына екі рет орындалатын негізгі рейстерден басқа, FlyArystan бұл қалалар арасындағы ұшу жиілігін аптасына төрт ретке дейін арттырды. 2 шілдеден бастап Ыстамбұлға рейстер сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері, ал 24 шілдеден бастап сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және сенбі күндері орындалады.

FlyArystan – өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастаған жоғары сапалы қазақстандық лоукостер. Әуекомпания Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларындағы қазіргі заманғы A320 ұшақ парктерінен  кең маршруттық желі бойынша рейстер орындайды. FlyArystan маршруттық желісі Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркия, Үндістан, БАӘ, Катар және Қытайға ішкі және халықаралық бағыттарды қамтиды. 22 ұшақтан тұратын қазіргі FlyArystan флоты 2024 жылдың соңына қарай тағы 2 Airbus A320 ұшағымен толығады. FlyArystan 2023 және 2024 жылғы Skytrax World Airline Awards марапаттауларында екі рет Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік бюджеттік әуекомпания болып танылды.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: