Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
«Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Ғафу Несіпбаев пен ұйымдастыру, кадрлық, ақпараттық және халықаралық жұмыстар бойынша бас менеджері Амангелді Төреғожин Жамбылға жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс сапары аясында Кәсіподақ ұйымына кіретін құрылымдарды аралап, жұмысшылардың хал-ахуалы, еңбек қорғау жағдайымен танысқан олар Қазақстан темір жолының 120 жылдығына орай ұйымдастырылған спартакиаданың ашылу салтанатына қатысты.
Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі құрылымдары арасында боулингтен өткен жарыста қыз-келіншектер бақ сынады. Сайыста 6 команда сынға түсті. Нәтиже балдық жүйемен анықталатындықтан, ойыншылар барынша дәл көздеуге тырысты. Ұпай саны автоматты түрде есептеліп отырды.
Жарыс қорытындысында «ДС – Тараз» командасы жеңіске жетіп, жүлделі орныннан көрінді. «ТЧЭ- 31» командасы 2-орынды иеленсе, «НОД-8» ойыншылары 3-орынды қанағат тұтты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен дипломдар, арнайы сыйлықтар тапсырылды. Сонымен қатар, барлық қатысушылар «ҚТЖ – 120» символдық жазуы бар тәтті торттан ауыз тиді.
Астаналық қонақтар сонымен қатар Жамбыл локомотив пайдалану депосының жарты ғасырлық тарихы бар музейін тамашалады. Осыдан тура 100 жыл бұрын құрылған локомотив пайдалану депосы музейінің өзіне биыл 51 жыл толып отыр. Музей меңгерушісі Венера Букенованың айтуынша, бөлімшеде музей ашылғанда көптеген құнды жәдігер сонда көшірілген. Дегенмен, негізгі базаны сақтап қалыпты. Түркісіб теміржолы мен жерасты өткелінің макеті де осы музейде тұр.
– Биыл локомотив пайдалану депосының 100 жылдық мерейтойы шеңберінде музейге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңғыртсақ дейміз, – дейді Жамбыл локомотив депосының басшысы Нұрболат Нұрсейітов.
Ардақ Үсейінова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолы"
112
13 марта 14:53
К празднику Наурыз Нацперевозчик дополнительно предоставит 2177 мест в пригородных поездах
308
02 марта 16:44
В Богатырь Комир прошел спортивный праздник к Международному женскому дню
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
155
11 марта 17:14
Жители 55 отдаленных сел получили доступ к интернету