Главная Новости Геолог – мәртебелі мамандық
12 сәуір 2024, 11:40 449

Геолог – мәртебелі мамандық

Геолог – мәртебелі мамандық

Жер бетінде және оның қойнауында болып жатқан физикалық үрдістерді зерттейтін геология ғылымы – терең ғылым, ал геолог мамандығы әрқашанда сұранысқа ие. Мұнай өнеркәсібі сан түрлі мамандықтың басын біріктірген алып кешен. Оның ішінде әсіресе геология саласын айрықша атауға болады. Жер нәрін іздеп, жаңа кен көздерін ашып, мұнай қорын ұлғайтуда геологтардың еңбегі ерен. Міне, осы маңызды салада еңбек етіп жүрген Жәнібек Ордалыұлы Мұхан жас та болса ауыр жұмыстың жүгін арқалаған «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасындағы Геология және кенорындарын игеру жұмыстарын талдау бөлімі басшысының орынбасары болып қызмет етеді.

Жер қойнауына қатталған көмбені тауып, жаңалық ашу, олардың қандай тереңдікте жатқанын, көлемін анықтау, бір сөзбен айтқанда кен өндіруге қатысты ерекшеліктерді егжей-тегжейлі зерттеу дәл осы бүгінгі кәсіби мерекенің иегерлері – геологтарға жүктелген.

Жәнібек Мұхан 1984 жылы Тұщықұдық ауылында туған. 2006 жылы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша бітіріп, «инженер геолог» мамандығын алып шықты. Әрі қарай осы университеттің магистратурасына «Мұнай-газ ісі» мамандығына түсіп, 2008 жылы магистр дәрежесін алған. Еңбек жолын 2006 жылдың қарашасында "Техасо North Buzachi Inc." БК мекемесінде мұнай өндіру операторы лауазымынан бастаған. 2007 жылдың наурыз айынан бері «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында еңбек етіп келе жатқан Жәнібек Ордалыұлы атқарған адал жұмысы мен жоғарғы өндірістік нәтижелері үшін коптеген алғыс хаттардың, құрмет грамоталары мен төс белгілерінің иесі атанды.

«Еңбегіне қарай – құрмет, жасына қарай ізет», - демекші жақсы маман иесі болу үшін көп ізденіс, оқу, білім алу, ең бастысы мамандыққа деген сүйіспеншілік қажет. Заман талабына сай өмір сүру керек деп жатамыз ғой, заманға сай жаңа мамандықтар қажет. Еліміздің минералдық-шикізат базасын толықтырып, қазіргі кезеңде және ұзақ мерзімді мемлекеттің экономикалық сұранысын перспективада қанағаттандыру үшін міндетті түрде геология саласын дамыту қажет. Жәнібек Мұхан сұхбатымыздың барысында одан "Геолог мамандығын неге таңдадыңыз?" – деп сұраған едік:

- Геолог болу атамның өсиеті болған. Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына да байланысты екені анық. Сол себепті мамандық таңдау оңай шаруа емес. Шыны керек, кейбір жастарымыз жақсы маман иесі болсам деп ойлай бермейді. Әйтеуір, бір мамандықты таңдай салып, диплом алып шықсам болды деп ойлайды. Мамандық таңдау – тек оқу мен диплом алу ғана емес, бұл – өз өмір жолыңды дұрыс таңдау. Сондықтан болашаққа қадам басар кезде талапкердің де, ата-ананың да «жеті рет өлшеп, бір рет кескені» абзал. Шынайы көзқараспен қарайтын болсақ, дұрыс таңдалған мамандық иесі қашанда өз ісінің шебері, әрі білгірі болып, қашанда сұранысқа ие болып жатады. Ол өз таңдаған бағытын жақсы көріп, сол саланың мақтанышына айнала алады, - деп сөзін аяқтады кейіпкеріміз.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: