Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі Тараз көлік және коммуникация колледжіне электровоз жабдықтары мен аппараттарын тапсырды.
Колледж директорының оқу-өндірістік ісі бойынша орынбасары Жеңіс Тайбеков әлеуметтік серіктестің қайтарымсыз берген электровоз жабдықтары мен аппараттары колледждің материалды-техникалық базасын толықтырғанын жеткізді.
– Жамбыл локомотив пайдалану депосы басшысының міндетін атқарушы Мәди Қонысбаев әкеліп тапсырған жабдықтар студенттеріміздің заманауи технологияларды толық меңгеруіне мүмкіндік береді, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің маңыздылығын арттыруға бағытталған маңызды қолдау болды, – деді ол.

Теміржол саласын орта буын мамандармен қамтамасыз етіп отырған кәсіптік білім беру мекемесінің әлеуметтік серіктесі болып табылатын Жамбыл ЖТ бөлімшесі колледжге жиі көмек қолын созып, қолдау көрсетіп келеді. «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай қос тарап екіжақты меморандум жасасқан болатын. Онда студенттердің білім беру бағдарламасын толық игеру үшін қажетті қолдау көрсету туралы тармақ қарастырылған. Нәтижесі студенттердің теориялық білімдерін практикалық дағдылармен ұштастыруға мүмкіндік береді.
– Бөлімше басшысы Айдын Сеитбенбетовтің ұсынысымен колледжге практикалық дәрістерде қолдану үшін электровоз жабдықтарын бердік. Оқу орнының еңбек нарығында сұранысқа ие, техникалық және кәсіптік білімі бар бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау миссиясына қолдау жасау – әлеуметтік серіктес ретінде біздің міндетіміз, – дейді Жамбыл локомотив пайдалану депосының бастығы Мәди Қонысбаев.
Ардақ Үсейінова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
161
04 декабря 19:30
До 600 детей будут бесплатно получать реабилитацию в новом центре в Кызылорде
106
03 декабря 17:46
АлЭС ищет таланты: ярмарка вакансий в ALT Университете