Главная Новости Жамбыл локомотив депосы KZ8A электровозымен толықты
16 сәуір 2024, 15:50 292

Жамбыл локомотив депосы KZ8A электровозымен толықты

Жамбыл локомотив депосы KZ8A электровозымен толықты

Жамбыл локомотив пайдалану депосының паркі жаңарып жатыр. Былтыр депоға KZ8A маркалы су жаңа 10 электровоз берілді. Асинхронды электр қозғалтқыштары бар екі секциялы жүк электровозы салмағы 9000 тоннаға дейінгі жүк пойыздарын тасымалдай алады.

– KZ8A электровозы экстремалды температурада жұмыс істеуге арналған. Локомотивті жөндеуді жеңілдететін модульдік блоктардан тұрады. Депо паркі толыққан соң, жүк тасымалының көлемі көбейіп, локомотивтің пайдалы жұмысының көрсеткіші өседі деген сенім бар. Ақпан айындағы жүк тасымалының көлемі былтырғымен салыстырғанда аздау. Дегенмен екі айда техникалық жылдамдық артты. Салыстырмалы түрде ақпан айын қоса есептегенде, былтыр орташа локомотив жүрісі 650 шақырым болса, биылғы көрсеткіш 723 шақырымды құрады. Локомотивтің пайдалы жұмысының көрсеткіші 14,56 пайызды құрады. Локомотивтің орташа жүрісі 102,3 пайызға орындалды. Екі айда техникалық жылдамдық – 105, пайдалы жұмысы 102 пайызға жетті, бұл жаман көрсеткіш емес, – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» Жамбыл локомотив пайдалану депосының бастығы Нұрболат Нұрсейітов.  

Ғасырлық тарихы бар Жамбыл локомотив пайдалану депосы паркінде бүгінде 32 ВЛ80, 10 маневрлік электровозы, 8 тепловоз бар. 752 адам еңбек ететін депода 355 машинист, 294 машинист көмекшісі тер төгуде.  

Локомотив пайдалану депосы Тараз – Арыс аралығындағы – 282, Тараз – Шу бағытындағы 232 шақырымда жолаушылар пойыздарын, ал Тараз – Қаратау жолында – 90, Қаратау – Жаңатас аралығында 87 шақырым жүк пойыздарын, қалған станциялардағы маневрлік қозғалыстардың бәрін қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек Жамбыл жеріндегі ірі өндіріс орындарынан шығатын жалпы ұзақтығы 75 шақырымды құрайтын теміржол арқылы жүк тасымалын да жүзеге асырып отыр.  

– Машинистер мен көмекшілердің біліктіліктерін арттыру, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы аса маңызды. Олар кесте бойынша біліктілікті арттыру курстарына жіберіледі. Қазіргі кезде Тараз теміржол көлігі қызметкерлерінің оқу орталығында 14 машинист көмекшісі электровоз және тепловоз машинисі біліктілігін алу үшін оқып жатыр. Былтыр 37 көмекші осы орталықта білім алып, біліктілік деңгейін көтерген болатын. Өткен жылы сондай-ақ Астана қаласындағы оқу орталығына 12 электровоз, 4 тепловоз машинисі, 4 машинист-нұсқаушы, 2 жылдамдықты өлшейтін таспаларды оқитын инженер білімін жетілдірген. Сонымен қатар, деподағы арнайы техникалық кабинетте де күн сайын өндірістік оқыту шебері екі мезгіл кестеге сай сабақ өтеді, – дейді депо бастығы.  

Былтыр Жамбыл локомотив пайдалану депосы дизель отынын пайдалануда 150 тоннаға жуық үнем жасап, жоғары басшылықтың Алғыс хатымен марапатталған.  

Ардақ Үсейінова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: