Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Бұл сұраққа жауап бүгін Атырауда басталған Кәсіподақ көшбасшылығы мектебінің үшінші легінің оқуы барысында ізделеді. Бұған дейін, еске сала кетсек, Астана мен Маңғыстау облысының кәсіподақ саласының үздіктері аталған оқыту курстары аясында білімін шыңдаған болатын.
Атыраудағы сабақтарға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының аумақтық бөлімшесінен және «Қазтрансойл» компаниясының Атырау мұнай құбыры басқармасы, «Ембімұнайгаз» АҚ, NCOC тараптарынан 35 адам қатысатыны жоспарланып отыр. Барлығы «Кәсіподақ көшбасшылығы», «Қаржы менеджменті», «Құқықтық сауаттылық және жауапкершілік», «Медиация мен кикілжіңдерді басқару», «Персоналды басқару» және «Тиімді коммуникация» сынды алты оқу модулінен тұратын жобаның Жайық өзені жағасындағы іс-шараларының алғашқысында білікті дәріскер Ерлан Мұстафин білгенімен бөліспек.
Кәсіподақ мамандарының жаңа кәсіби буынын тәрбиелеуге арналған мұнайлы өңірдегі сабақтар қорытындысында қатысушылар арнайы сынақ тапсырып, оларға сертификаттар беріледі.
«Самұрық-Қазына» қоры Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникациялар орталығы мен ҚР Кәсіподақтар федерациясы бірлесе қолға алған қазіргі заманғы кәсіподақ оқытуларында бастауыш және салалық кәсіподақ ұйымдарының орташа алғанда 60-тан астам жетекшісі көкжиегін кеңейтіп үлгерді.
Кәсіподақтар федерациясының басшылығы әлеуметтік серіктестікке тың серпін сыйлайды деп бағалаған шағын МВА сипатындағы Кәсіподақ көшбасшылығы мектебінің сабақтары алты айға созылатыны күтілуде.




10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
64
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
69
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы