Главная Новости Жаңаөзен халқын ауызсумен қамту жақсарады
10 қаңтар 2020, 08:35 1638

Жаңаөзен халқын ауызсумен қамту жақсарады

Жаңаөзен халқын ауызсумен қамту жақсарады

"Өзенмұнайгаз" АҚ мен "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС Жаңаөзен қаласының әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осылайша "Кендірлі" демалыс аймағы маңында су тұщыту зауытын салу бойынша келісімге қол жеткізілгенін хабарлайды "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ (ҚМГ) баспасөз қызметі.

Қол қойылған құжат Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Маминның 2019 жылғы 18 қыркүйектегі хаттамалық тапсырмасына сәйкес су тұщыту зауытын салу бойынша "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС әзірлеп жатқан техникалық-экономикалық негіздемені әлеуметтік жоба ретінде қайта саралауды көздейді. Тиісінше, Жаңаөзен қаласының тұрғындарын ұзақ уақыт бойы ауыз сумен қамтудың талаптарына сай келетін судың сапасына техникалық тапсырма өзгертілді. Су тұщыту зауыты Маңғыстау облысының "Кендірлі" демалыс аймағы маңында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының қаражаты есебінен салынады деп жоспарлануда.

Зауыттың болжамды қуаты тәулігіне 50 мың текше метр суды құрайды. Қазіргі уақытта Жаңаөзен қаласы Қиғаш өзенінен Еділ суын 2000 шақырым қашықтықтан тасымалдау арқылы ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр.

Маңғыстау облысында су тапшылығы ең өзекті мәселе болып табылады. Себебі, өңір жартылай шөлейт аймақта орналасқан. Оның су ресурстары шектеулі.

ҚМГ жүйесіне кіретін "Астрахан-Маңғышлақ" су құбыры мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарынан бөлек, Еділ өзенінің суымен жергілікті халықты, өнеркәсіп нысандарын, коммуналдық және бюджеттік ұйымдарды, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді де қамтамасыз етуде. Алайда, халық санының өсуіне және жаңа кәсіпорындардың құрылуына байланысты өңірдегі суды тұтыну көлемі де артып келеді. Осының салдарынан ауыз сумен қамту жүйесінің жақсаруына қарамастан, су құбырының қуаты жеткіліксіз.

Бұдан қоса, ҚМГ жалғыз су құбыры ғана емес, сондай-ақ су тұщыту қондырғыларының көмегімен де өңірді сумен қамтып отыр. Қазіргі уақытта Қаражанбас кен орнында су тұщыту зауыты салынуда. Бұл зауыт өңір үшін Еділ суының тәулігіне 17 мың текше метрін босатуға мүмкіндік береді.

"ҚазМұнайГаз" компаниялар тобы өңірлерде өз қызметін жүргізе отырып, өзінің жауапкершілігін жете түсінеді. Компания Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарқынды дамуына мүдделі. Су тұщыту қондырғыларын салу Маңғыстау облысының ғана емес, сонымен бірге Атырау өңірінің халқы үшін де жағымды әсер ететіні сөзсіз", делінген хабарламада.

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS

Смотрите также

Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: