Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Жаңаөзен қаласында 2020 жылы 4725 жұмыс орны құрылады жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Мақсат Ибағаровтың халыққа есеп беру кездесуінде айтылды деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Сонымен қатар "Өзенмұнайгаз" АҚ қаражаты есебінен "Өзенинвест" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында штат бірлігін ұлғайту арқылы қосымша 350 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыз есебінде тұрған азаматтар жұмыспен қамтылды. Олардың қызметінің негізгі бағыты - қаланы абаттандыру, спорт, балалар ойын алаңдары мен саябақтарын абаттандыру мен күтіп ұстау", - дейді ол.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасының 1-ші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 144 адам жолданып, соның 115 адамы оқуларын аяқтап, 78 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ "Бастау бизнес" және "Жас кәсіпкер" жобалары бойынша 680 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, сертификат алған. 150 адам қайтарымсыз грантқа ие болып, 17 адамға несие берілген. "Нұр-капитал" бағдарламасы аясында 1,4 млрд теңгені құрайтын 70 жоба мақұлданып, 608 жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Соның ішінде 860 млн теңгені құрайтын 39 жоба қаржыландырылып, 9 жоба іске асырылмақ.
Ал Жаңаөзеннен Ақтауға қоныс аударушыларға ағымдағы жылы қосымша 200 пәтерге дейін сатып алынатыны мәлімделуде.
Қазіргі таңда Жаңаөзен халқының саны 153,7 мың адам. Оның 81,4 мыңы қалада болса, ауыл халқы – 72,3 мыңды құрайды.
"Өзенмұнайгаз" компаниясы барлығы 5 579,1 мың тонна шикі мұнай өндіріп, көрсеткішті өткен жылмен салыстырғанда 98,7 мың тоннаға немесе 1,8%-ға өсірген. Сондай-ақ 708,7 млн текше метр газ өндірілген. Бұл былтырға қарағанда 79,4 млн текше метрге артық.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
66
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
71
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы