Хотите получать уведомления в браузере о последних изменениях на сайте SKNEWS.kz
Соңғысында "Өзенмұнайгаз" компаниясы Ақтау қаласынан тұрғын үйлер алуға көмектеспек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев мәлімдеді.
Жалпы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына республикалық, жергілікті бюджеттен және өзге де инвесторлардан барлығы 230,3 млрд теңге бөлінген. Осының аясында жұмыссыздық деңгейі төмендейді, тұрғын үй мәселесі шешімін тауып, қаланың жолдары жөнделеді деп күтілуде
.
"Жаңаөзен қаласының мұқтаж азаматтары үшін Ақтау қаласынан жалға берілетін пәтерлер сатып алуға "Өзенмұнайгаз" АҚ және республикалық бюджеттен қаржы бөлу жоспарланып отыр. Жалға ұсынылатын пәтерлер Жаңаөзен қаласының жұмыссыздық тізімінде тіркеуде тұрғандарға және ҚР аймағында соңғы 5 жыл ішінде атында пәтері жоқ азаматтарға беріледі. Қазір пәтер алуға ниет білдірген 250 шақты адамның тізімі жасақталып, облыс әкімдігіне жолданды. Енді энергетика басқармасы тарапынан ереже бекітіледі, пәтерлер Ақтау қаласының әкімдігі тарапынан үлестіріледі", - дейді Әділбек Дауылбаев.
Жалпы Жаңаөзен қаласы бойынша 5256 жаңа жұмыс орны ашылуы керек болса, қазір 2340 адам өз жұмысын бастап кеткен. Қала әкімінің айтуынша, жыл соңына дейін қалған жұмыс көзі ашылып, жұмыссыз жүргендер еңбекпен қамтылады деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
10
Самрук-Казына: Наурыз – праздник обновления и надежды!
10
ТОО «Богатырь Комир» растит батыров
7
«Теміржол аруы». ҚТЖ үздіктерді анықтады
6
Энергетика Алматы в надежных руках
0
В Жанаозене при поддержке АО «Озенмунайгаз» отреставрировали ДК «Мунайшы»
0
"Мы теперь не домоседы". Фоторепортаж
0
Внимание, вы входите в зону карантина. Какая она – временно нелюдимая столица?
0
Air Astana провела экскурсию для участников программы "Жас Өркен". Подробности из закулисья
16
"Высокое напряжение". Сотрудники "дочек" Самрук-Энерго поучаствовали в Алматинском полумарафоне
4
Табиғи газды арқау еткен автошеру басталды
10
В спартакиаде Казатомпрома победила команда УМЗ
0
Туған елге саяхат!
64
05 декабря 15:38
«К каждому нужен подход»: будни проводницы женского вагона
69
05 декабря 14:38
Минэнерго показало журналистам работу стратегических энергообъектов столицы