Главная Новости Жантөренің жақсылығын жұрты біледі
12 шілде 2022, 13:00 2457

Жантөренің жақсылығын жұрты біледі

Жантөренің жақсылығын жұрты біледі

Қиналған жанға қол ұшын беріп, жабыққан көңілін жұбату, сауығып кетсем-ау деген үміт отын лаулатып, сенім үдесінен шығу – оңай шаруа емес. Сондай міндет биігінен көрінген Жантөрені жұрттың жақсы көруі осындан шығар. Ауыл арасында Жантөрені «балалар емшісі» деуі тегін емес, шырқырап жылаған сәбиді қолына ұстап ұшықтаса дауасы түсіп, демде жазылып кететіні бар. Одан бөлек, сылақшы болып еңбек жолын бастаған цехта Жантөре Қобдабаеваға қолқа салып, арнайы жұмыс орнына іздеп келетіндердің қатары көбейген.

Өндіріс өмірі небір оқиғаларға толы. Жаза баспауды, жаңылыспауды, қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтауды талап етеді. Әйтпегенде, жазатайым оқиғадан не бел омыртқаң, не мойын омыртқаң майып болатыны жасырын емес. Сондай сәтте басшылар бастап, атқосшылар қостап сылақшы Жантөреге іздеу салады. Жақсылық жасауды-жүректің ісі деп ұғатын Жантөре ондай кезде жабыққан жанның жасын сүртуге асығады.

«Сынықшы қасиет Сәнім әжемнен дарыған. Нағашыларым емші болған кісілер», – дейді Жантөре.

Бабасынан дарыған ерекше қасиет-қабілетін айтуға келгенде сараңдық танытатын Жантөренің бүгінгі күнге дейін жеткен жетістігі, шыққан биігі аз емес. ҚР Емшілер қауымдастығына мүшелікке қабылдауға ұсыныс түссе де, телеарнаға, газет-жорналға сан рет сұхбатқа шақырса да, «жаным қаламайтын нәрсе» деп шорт кесті.

Бүгінде құрылымдар мен ғимараттарды ағымды жөндеуден өткізу цехының сылақшысы боп еңбек ететін кейіпкеріміз 1967 жылы Маңғыстау облысы, Жетібай ауылында туған. Әкесі Сайлау Қобдабаев ЖУТТ мекемесінде ұзақ жыл жүргізуші болды. Анасы Рысгүл Қобдабаева да өндіріске елеулі еңбек сіңірген жан. Жантөре Сайлауқызы аяулы ата-анасының тілек, ниетімен мұнай-газ өндірісіне ерте аяқ басқанын еске алды.

«1985 жылы училищені аяқтап, небәрі 18 жасымда «Жетібаймұнайгаз» ӨБ электрик болып жұмысқа орналастым. Жыл жарымдай жұмыс істедім. Қолымның биотоғы бар әуелден. Тоқ тартып жұмысымды жалғастыру мүмкін болмады да, күрделі құрылыс департаментіне сылақшы болып ауыстым. Бүгінде ұжымда 30 адам еңбек етеді. Бәрі де тонның ішкі бауындай ауызбіршілікпен ұжымның жұмысын алға жетелеп келеді», – дейді ол.

Жантөре Сайлауқызы есімі елге мәшһүр, әйгілі Мыңкісі әулиенің ұрпағы Тасқара Қаратайұлынан бата алған деседі. «Таңертең үкіметтің жұмысына, кешке балапандарыма асығам» дейтін жанның жылы әңгімелеріне ықылас қоймай тыңдау мүмкін емес. Өйткені, алғыс арқалап, абырой жиған апаның жұрт біле бермейтін қайырымды істері қаншама. Пандемия кезінде бас ауырып, балтыры сыздаған талай жанға шарапаты тиді, ауылдың белсенді азаматтарының басын қосып, ауруханаға дәрі-дәрмек жеткізді.

Одан бөлек, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына халықтан жинаған жылуға киім-кешек алып беруге атсалысты. «Оң қолың бергенді сол қолың көрмесін» деген тәмсілді жөн көретін Жантөренің жұртқа өткен жақсылығын ел әлі күнге дейін айтып жүр. Кездескен жанның жағдайын сұрап, қолынан келген көмегін аянып қалмайтын Жантөрені тұтас ауыл-аймақтың жақсы көруі заңдылық шығар.Қарап отырсаң, үлкенге де,кішіге де жетпейтіні жұрттың ыстық ықыласы. Халықтың пейілі сізге қанат бітіретін болар деген сауалымызға:

«Алланың аманатына қиянат жасамай, абыройлы ғұмыр кешсек пе деймін. Сынақты беретін – Алла, шипаны да Алла береді. Менің қолымнан келетіні жаны қиналған жанға Құдайдан дұға тілеу», – дейді сабырлы қалпын бұзбастан.

Шырқыраған сәбилерді емдеп, дертіне шипа тауып, сауықтыруды ол өзінің міндеті деп санайды. Расында, Жантөре Сайлауқызы өндірісте өнімді еңбегімен көзге түссе, ел ішінде емшілігімен танылғаны – дәлелдеуді қажет етпейтін жайт. Мәселен, Жантөрені іздеп еліміздің түкпір-түкпірінен ағылған ағайынның санында есеп жоқ.

Бүгінде Құдай қосқан жолдасымен екі ұл, бір қыз өсіріп ел қатарлы тірлік кешіп отырған жайы бар.

«Келіндерімнің тік тұрып қызмет қылатыны қандай, жұмыстан шаршап келгенде немерелерімнің шат күлкісі шаңырағымды толтырып тұр. Несібемді өндірістен тауып, елдегі қызметімді қатар алып жүруіме отбасымның, басшыларымның маған жасаған үлкен қамқорлығы қолдау болды», – дейді Жантөре Сайлауқызы.

Ширек ғасырға жуық өндіріс пен өлкеде талмай-тынбай еңбек етіп, ұрпағың мен ұлтыңа қадіріңді асыру кез-келгеннің пешенесіне жазыла бермейтін бақ. Ендеше, жақсылыққа жаны құштар Жантөре Сайлауқызы секілді қайсар қыз-келіншектеріміздің қатары көп болса, соғұрлым ұлттың несібесі, ұрпақтың ұпайы түгел болмақ.

Дереккөз: "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ facebook парақшасы

Еще больше новостей на нашем telegram-канале , подписывайся и будь в курсе!
АРХИВ ЖУРНАЛОВ SKNEWS
SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194) SK NEWS 31 октября, 2024№SK News №19-20 (248-249) SK NEWS 30 сентября, 2024№№17-18 (246-247) SK NEWS 30 августа, 2024№№15-16 (244-245) SK NEWS 31 июля, 2024№№13-14 (242-243) SK NEWS 01 июля, 2024№№11-12 (240-241) SK NEWS 07 июня, 2024№№9-10 (238-239) SK NEWS 30 апреля, 2024№№7-8 (236-237) SK NEWS 29 марта, 2024№№5-6 (234-235) SK NEWS 29 февраля, 2024№№3-4 (232-233) SK NEWS 01 февраля, 2024№№1-2 (230-231) SK NEWS 21 декабря, 2023№№23-24 (228-229) SK NEWS 01 декабря, 2023№№21-22 (226-227) SK NEWS 31 октября, 2023№№19-20 (224-225) SK NEWS 29 сентября, 2023№№17-18 (222-223) SK NEWS 04 сентября, 2023№№15-16 (220-221) SK NEWS 01 сентября, 2023 SK NEWS 28 июля, 2023№№13-14 (218-219) SK NEWS 30 июня, 2023№№11-12 (216-217) SK NEWS 31 мая, 2023№№9-10 (214-215) SK NEWS 02 мая, 2023№№7-8 (212-213) SK NEWS 31 марта, 2023№№5-6 (210-211) SK NEWS 28 февраля, 2023№№3-4 (208-209) SK NEWS 31 января, 2023№№1-2 (206-207) SK NEWS 14 декабря, 2022№№23-24 (204-205) SK NEWS 30 ноября, 2022№№21-22 (202-203) SK NEWS 01 ноября, 2022№№19-20 (200-201) SK NEWS 30 сентября, 2022№№17-18 (199-20) SK NEWS 31 августа, 2022№№15-16 (197-198) SK NEWS 28 июля, 2022№№13-14 (195-196) SK NEWS 30 июня, 2022№№11-12 (193-194)

Смотрите также

Видео Все видео
Фотоальбомы Все альбомы
Мы в социальных сетях:
Поддержка читателей:
+7 (7172) 99 97 86
Наш адрес:
г.Астана, ул. Е10,
дом № 17/10, АЗ «Зеленый квартал», блок «Т4» 12 этаж
E-mail: